Бангкокта Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған инвестициялық семинар өтті
Бангкок, 2021 жылғы 15 желтоқсан – бейнеконференция режимінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған инвестициялық семинар өтті. Іс-шараны Таиландтағы Қазақстанның Елшілігі Таиландтың Инвестициялар жөніндегі кеңесі мен "Kazakh Invest "Ұлттық компаниясы"АҚ қолдауымен ұйымдастырды. Семинарға 40-тан астам тай кәсіпкерлері, бизнес қауымдастықтар өкілдері және дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.
ҚР Таиландтағы Елшісі Раушан Есбулатова өз сөзінде семинарға қатысушыларға Қазақстанның 30 жыл ішінде қол жеткізген экономикалық табыстары және ҚР дипломатиялық қызмет органдарының инвестициялар тарту саласындағы басым міндеттері туралы айтып берді.
Өз кезегінде Таиландтың Инвестициялар жөніндегі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сонклин Плойми Қазақстанды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, Қазақстан халқына гүлдену мен табыс тіледі. Ол сондай-ақ Таиланд Корольдігінің Тай бизнесінің шет елдерде қатысуын ілгерілету жөніндегі саясаты туралы хабардар етті және екі ел компаниялары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық әлеуеті туралы оң пікір білдірді.
"Kazakh Invest" өкілдері инвестициялық мүмкіндіктермен таныстырып, Қазақстандағы, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қолдау бойынша нақты үкіметтік шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Семинар соңында Тай бизнесінің өкілдері қатысушылармен Қазақстанда Бизнесті ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісіп, одан әрі ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/region-news/details/7287?lang=ru