• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанда 2025 жылға дейін 60-тан астам ЖЭК жобасы іске қосылады

Алдағы төрт жылда жаңартылатын энергия көздерінің 60-тан астам жобасы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды "Хабар 24"тілшісі. Олардың жалпы қуаттылығы – 2400 мегаватт, инвестиция көлемі 2,5 млрд доллардан асады.

Бұл туралы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында белгілі болды.

Үкімет 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқартуды, ал жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 6%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазір Қазақстанда 124 ЖЭК нысаны жұмыс істейді: 31 жел, 48 Күн, 40 гидро және 5 биоэлектростанциялар. Өткен жылы 25 жоба іске қосылды.

 

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/503242-bolee-60-proektov-vie-zapustyat-v-kazakhstane-do-2025-goda