• Мобильді үстемені жүктеу

Р. Скляр неміс компанияларымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

Үстіміздегі жылдың  31 тамызында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр германиялық компаниялардың басшыларымен кезекті онлайн-кездесуін өткізді. Кездесу тақырыбы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласындағы екіжақты экономикалық жобалар төңірегінде  болды.

Германия жағын Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Оливер Гермес және ГФР сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бергер Мигель таныстырды.

Онлайн-кездесуге 100-ге жуық жетекші германиялық компаниялар қатысты, олардың ішінде "Siemens", "BASF", "Henkel AG & Co. KgaA», «WILO SE», «LLP C.Spaarmann», «Becker Mining Europe GmbH», «Svevind Energy GmbH», «Robert Bosch».

Өз сөзінде Роман Скляр өнеркәсіптік өндіріс, машина жасау, энергетика, жаңартылатын энергия көздері және т.б. салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріндегі табысты ынтымақтастықты атап өтті, сондай-ақ қазақстандық тараптың экология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша ынтымақтастықты жолға қоюға дайын екендігін білдірді.

Германиялық компаниялар климаттың өзгеруімен күрес, қалдықтарды кәдеге жарату, Арал теңізінің құрғауымен байланысты экологиялық апатпен күрес, сондай-ақ ауыз сумен қамту мәселелері сияқты салаларда ынтымақтастыққа шақырылды. Кездесу соңында пікірталас өтті, оның барысында қатысушылар осы мәселелерді іске асыру жөніндегі шараларды талқылады.

https://primeminister.kz/ru/news/r-sklyar-obsudil-s-nemeckimi-kompaniyami-sovmestnye-proekty-v-oblasti-ohrany-okruzhayushchey-sredy-3174220#