• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен келіссөздер өткізді

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізді. Кездесу "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында өтті.

Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Еуразиялық экономикалық Одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Ресей - Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Ағымдағы жылы елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық серпіні біртіндеп қалпына келтірілуде. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында екіжақты тауар айналымы $10,7 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 27% - ға жоғары.

Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 7791 кәсіпорын және Қазақстан - Ресей бірлескен 3325 кәсіпорын жұмыс істейді. Ресейлік компаниялар ҚР экономикасына салынған қаражат көлемі бойынша негізгі инвесторлардың бестігіне кіреді. Соңғы 10 жылда Ресей Қазақстанға шамамен $12,6 млрд инвестиция салды, ресейлік компаниялардың инвестициялық портфелі іс жүзінде әрбір салада ұсынылған.

 Жалпы сомасы $5,3 млрд құрайтын өнеркәсіптік кооперация, сауда, құрылыс индустриясы, фармацевтика, мұнай-химия және жеңіл өнеркәсіп саласындағы 30 бірлескен ірі жоба іске асыру және пысықтау сатысында тұр.

Мысалы, "Татнефть" - пен бірлесіп шина шығаратын зауыт, "КАМАЗ" ЖАҚ-пен шойын құю және жетекші көпірлердің басты берілістерінің редукторларын өндіру бойынша және т. б. салынып жатыр.

Осы жылдың 6 айында Қазақстан мен Ресей арқылы Орталық Азия, Еуропа, Қиыр шығыс бағыттарында барлығы 406,5 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 48% - ға артық. Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік тасымалдар көлемі 326,2 мың ЖФЭ (+58%) құрады.

 Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен келесі бірқатар құжаттарға қол қойылды:

-Шығыс Тарутин (Қазақстан Республикасы), Тарутин (Ресей Федерациясы) кен орындарында мыс (мыс-алтын) кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісім;

- АХҚО мен Татарстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары;

- ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, АХҚО, "Сколково" Мәскеу басқару мектебі арасындағы тұрақты даму стратегиялары бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

- "Башқұрт сода компаниясы" АҚ мен "Каустик" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Бас келісім;

- "РТЖ" ААҚ және "ҚТЖ "ҰК "АҚ қатысуымен қағазсыз технология бойынша жүктер мен вагондарды тасымалдауға көшуді жандандыру жөніндегі жол картасы/ТОО "ҚТЖ-ГП";

- "ҚТЖ "ҰК" АҚ мен "РТЖ" ААҚ арасындағы теміржол көлігімен агроөнеркәсіптік өнімдерді тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және РФ үкіметінің төрағасы М.Мишустин Қазақстан Үкіметінің цифрлық кеңсесінің жұмысымен, Халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласында іске асырылып жатқан жобалармен, сондай-ақ АХҚО қызметімен танысты.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/premer-ministr-rk-a-mamin-provel-peregovory-s-predsedatelem-pravitelstva-rf-m-mishustinym/