• Мобильді үстемені жүктеу

Асқар Мамин ШҚО-ның ірі инвестициялық жобаларының іске асырылуымен танысты

Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысының ірі инвестициялық жобаларының іске асырылуымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Олардың қатарында агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау және тау-кен металлургиясы салаларындағы өндірістер бар. Премьер-Министр көлік инфрақұрылымын уақытылы пайдалануға берудің маңыздылығын атап өтіп, құрылыс жол жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. Аягөз ауданында Премьер-Министр «KAZ Minerals Aktogay» компаниясына барды. Ағымдағы жылы онда сульфидті кенді өңдейтін Ақтоғай II байыту фабрикасының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру өндірілетін мыс көлемін 2027 жылға дейін 200 мың тоннаға дейін ұлғайтуға және кенішті әлемдегі ең ірі кеніштер қатарына шығаруға мүмкіндік береді.

Семейде Премьер-Министр күнбағыс тұқымын қайта өңдеу өндірісін іске қосты. Кәсіпорында 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Зауыт елдің өсімдік майына деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның өнімдері сыртқы нарықтарға да экспортталады деп күтілуде. Кейінірек Асқар Мамин Қазақстандағы ядролық медицинаның толық циклдегі жалғыз медициналық мекемесі – «Ядролық медицина және онкология орталығына» барды. Онда радиофармпрепараттар шығарылады, сондай-ақ пациенттерге Радионуклидтік терапия жүргізіледі.

  https://24.kz/ru/news/economyc/item/475792-askar-mamin-oznakomilsya-s-realizatsiej-krupnykh-investproektov-vko