Қазақстан The Economist Intelligence Unit жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі рейтингіндегі позицияларын жақсартты
2020 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан 2019 жылмен салыстырғанда позицияларын 16 тармаққа жақсартып, азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі бойынша 113 орынның ішінде 32 орынды иеленді.
Бұл Corteva Agriscience қолдауымен The Economist Intelligence Unit сарапшылары дайындаған жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінен алынған.
The Economist Intelligence Unit деректеріне сәйкес, Қазақстан 2020 жылдың рейтингінде позицияларын жақсарту тұрғысынан аса маңызды оң серпіні бар ел болды.
Оң динамика азық-түліктің халық үшін қолжетімділігі, азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігі, азық-түліктің болуы тәрізді көрсеткіштер бойынша байқалады.
Оң динамиканы қамтамасыз еткен факторлар тізімінде Тhe Economist Intelligence Unit АӨК секторындағы өндірістің тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік бағдарламалардың қолжетімділігін, халықтың кедейшілік шегінен төмен үлесін, нарықтың және АӨК секторындағы қаржылық қызметтердің, нарықтағы ұсыныстың, микронутриенттердің қолжетімділігін, протеиндердің сапасын, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін, азық-түлік өнімдеріне төмен импорттық тарифтердің, өндіріс пен дистрибуция кезіндегі ысыраптардың төмендігін атап көрсетеді.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы, АӨК секторындағы ғылыми зерттеулер сияқты көрсеткіштер бойынша жақсару байқалды.