Ақпарат
Ағымдағы жылдың 23-24 ақпаны күні «Сәлем Еуразия - конференция және көрме, Ташкент, Өзбекстан» тақырыбына Үнді сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы ұйымдастырған 2-ші виртуалды халықаралық көрмесі өтеді. Іс-шара Үндістанның басқа елдермен сауда және инвестициялық қатынастарын ілгерілетуге, сондай-ақ үнді бизнес-үйлері мен өндірушілеріне жаңа бизнес құруға жәрдемдесуге және экспортқа жаңа серпін беруге бағытталған.
ШҚО шағын және орта бизнес өкілдерін аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/713268 телефонына хабарласуды сұраймыз.