ШҚО Жарма ауданында «жасыл энергетикаға» көшуде
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында «жасыл энергетикаға» көшуде, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Жаңғызтөбе ауылында қуаттылығы 30 мегаватт күн электр станциясы табысты жұмыс істеуде. Бұл әзірге өңірдегі жаңартылатын энергия көздерінің жалғыз объектісі. Станция 66 гектар қомақты аумақты алып жатыр. Үш мыңға жуық күн панельдеріне тек 14 адам қызмет көрсетеді. Жаз кезінде объект күніне екі жүз мың киловатт сағат өндіреді. «Жасыл энергетика» жобасына 10 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Мұнда жел электр станциясы салынуда. Оның қуаты да 30 мегаватты құрайтын болады.
Денис Крохалев, электр станциясының ауысым бастығы:
- Бізде күн көп түсетін аумақтар көп. Менің ойымша, бізде осындай электр станцияларын салуға жеткілікті орын бар, осының барлығы жұмыс істеп, пайда әкелу үшін мамандарды үйрету қажет. Электр энергиясын алудың бұл әдісінің болашағы зор деп ойлаймын, себебі қазіргі таңда бізде барлық экологиялық жағдайлар қолдау табуда.