• Мобильді үстемені жүктеу

Тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін инвестиция шегін азайту жоспарлануда

Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында жаңадан құрылатын объектілер үшін инвестициялар шегін екі есеге төмендету ұсынылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына түзетулер ұсына отырып айтты,- деп хабарлайды Kapital.kz. іскерлік ақпарат орталығының тілшісі

«2 млн АЕК-тен (5,6 млрд теңге) 1 млн АЕК-ке дейін (2,8 млрд теңге)», - деді Руслан Дәленов заң жобасын талқылау кезінде.

Қолайлы жағдайлар жасау үшін бизнес субъектілеріне «бір терезе» принципі бойынша «Бизнеске арналған үкімет» веб-порталын енгізу, сондай-ақ бизнес серіктестердің тізілімін енгізу функциясын бекіту ұсынылады.

Министр 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарда 10 бағыт бойынша 164 іс-шара бар екенін түсіндірді.

«Ұсынылып отырған түзетулер 81 заңнамалық актіге, оның ішінде 9 бағыт бойынша 14 кодекс пен 67 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Бұл инвестициялар тарту, кәсіпкерлік пен нақты секторды, тұрақты қаржы нарығын, цифрландыруды, жобалық басқаруды, ақша-кредит, әлеуметтік және сауда саясатын дамыту. Атап айтқанда, инвестициялар тарту бойынша жаңа құрал – инвестициялар туралы келісім енгізу ұсынылады. МЖӘ рәсімдерін оңтайландыру және тетіктерін жетілдіру көзделуде», - деді Руслан Дәленов.

Министр тағы бірнеше түзетулер туралы айтты. Заңнама нормаларын біріздендіру үшін ақша-кредит саясатының негізгі құралымен қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің орнына базалық мөлшерлеме жасау ұсынылады.

«Қаржы нарығының тұрақтылығы үшін синдикатталған қарыз беру механизмін жетілдіруге бағытталған түзетулер ұсынылады. Бұл бірнеше банктерге, халықаралық қаржы ұйымдарына қарыз алушыға бір шарт бойынша кредит беруге мүмкіндік береді. Резидент емес банктердің, резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін елдің қаржы ұйымдарына ұқсас талаптарды анықтау ұсынылады»,-деді ол.

Адал бәсекелестікті қолдау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін микроқаржы ұйымдарының қызметін қаржы ұйымдарының қызметіне теңестіру ұсынылады.

https://kapital.kz/economic/91001/dlya-predpriyatiy-pishcheproma-i-legproma-khotyat-snizit-porog-investitsiy.html