Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құрылды,- деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Индустриялық даму қоры қазіргі мемлекеттік индустриялық даму бағдарламаларының қаржы операторы және «Нұрлыжол - ҚДБ-Лизинг» АҚ базасында құрылды.
Мемлекет басшысы өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында айтып өткендей, Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндет - оның индустриялық әлеуетін толық ашу.
Үкіметке ішкі және сыртқы нарықта өңдеуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті қойылды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ҚДБ-Лизингпен бірлесе отырып, отандық өңдеуші кәсіпорындарды жаңарту және отандық өндірілген тауарларға сұранысты ынталандыру бағдарламаларын жүзеге асыруда.
Қордың құрылуы отандық өңдеуші кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ол отандық кәсіпорындарды 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдауында қойылған міндеттер аясында стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру Қордың негізгі басымдылығы болмақ.
https://24.kz/ru/news/economyc/item/424809-v-kazakhstane-sozdan-fond-razvitiya-promyshlennosti