Қ.Тоқаев: Шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмысты тоқтатпау қажет
Мемлекет басшысы шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығы туралы мәлімдеді. Ол бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
«Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты тоқтатпау қажет. Инвесторлар тұрақты орта, инвестициялар үшін жаңа тауашалар іздейді, сондықтан еліміздің бар мүмкіндіктерін толығымен пайдалануымыз қажет», - деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бизнес саласындағы цифрлық бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды аяқтауды тапсырды.
«Біз бизнестің қарсы міндеттемелерін бақылауға міндеттіміз. Біріншіден, жұмыспен қамтуды және жалақыны сақтау бойынша міндеттемелер. Үкіметке және Атамекенге екі айдың ішінде бизнестің қарсы міндеттемелерін, цифрлық бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты аяқтау тапсырылды»,- деді Қ. Тоқаев. Осы санаттағы басқа материалдар: «Ел экономикасы 1,8%-ға төмендеді - Қазақстан Республикасының Президенті, Мемлекет басшысы инфляцияны 8-8,5% шегінде ұстап қалуды қамтамасыз етуді тапсырды».