• Мобильді үстемені жүктеу

CzechInvest және KazakhInvest инвестицияларды тарту бойынша озық тәжірибелерімен алмасты

KAZAKH INVEST және инвестицияларды тарту жөніндегі чех агенттігі отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде тәжірибе алмасуда бірлескен онлайн-вебинар өткізді.

Онлайн-вебинарға Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Чехия Республикасының Сауда индустриясы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ CzechInvest және KAZAKHINVEST өкілдері қатысты.

Чехия Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігі Халықаралық экономикалық саясат департаментінің директоры Мартин Посписил өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасының экономиканың түрлі салаларына ірі инвесторларды тартуда үлкен әлеуетке ие екендігін атап айтты. Сонымен қатар, еліміз Чехияның Республикасының Орталық Азиядағы стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады.

«Менің пікірімше біздің елдеріміз арасында қызметтің әр түрлі салаларында өзара жұмыс жасауда бірқатар іске асырылмаған мүмкіндіктер бар. Менің ойымша, чех-қазақстандық жобаларды жүзеге асыруда үлкен әлеует күтіп тұр», - деп толықтырды Мартин Посписил.

Сонымен қатар, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттілігіне қолдау білдіріп, одан әрі ынтымақтастық үшін, әсіресе ауылшаруашылығы және машина жасау салаларының әлеуетінің зор екендігін атап өтті.

«Бүкіл әлем каратинде отырған нақты қазіргі жағдайларда KAZAKH INVEST инвестицияларды тарту саласында әр түрлі инновацияларды, соның ішінде инвестицияларды тарту бойынша жетекші әлемдік агенттіктермен тәжірибе алмасуды қарастыруда. Қазір біздің алдымызда дағдарыстан тезірек шығу міндеті тұр. Кейбір жұмыстар нәтижеге жетті. Қазақстан аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын бірқатар жобалар құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастырды. Олардың көпшілігі жобаларды уақытында жүзеге асыруды жоспарлап отыр», - деді Бауыржан Сартбаев.

Czech Invest Басқармасының Төрағасы Патрик Рейхл компания қызметінің негізгі бағыттарымен бөлісті, атап айтқанда, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда көмек көрсету, шетелдік инвесторларға чехия нарығына кіруге кеңес беру, мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру, коммерциялық жылжымайтын мүліктердің деректер базасын басқару, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті билік органдарымен байланыста делдалдық. Сонымен қатар, зерттемелік әзірленімдер саласында серіктестермен байланыс орнатуға және жаңадан бастаған инновациялық кәсіпкерлерге жеке бағдарламалары арқылы өздерінің инновациялық стартаптарын дамытуға көмектеседі.

Онлайн-вебинар барысында екі компанияның да сарапшылары тәжірибелерімен бөлісті және салалық басымдықтар, инвестициялық жобалардың өмірлік циклі, инвестицияларды алға жылжыту бойынша жалпы және салалық іс-шаралар, инвесторларды таргеттеу, жұмыс істеп тұрған инвесторларға сервистік қолдау көрсету және COVID-19 таралуына байланысты агенттіктер қабылдаған шаралар туралы талқылады.

Онлайн кездесулердің нәтижелері бойынша агенттіктер арасында стратегиялық серіктестікті тереңдету және инвестицияларды тарту бойынша жалпы қызметтерді жүзеге асыру тиімділігін арттыру мақсатында тәжірибелермен  алмасу практикасын қолдау туралы шешім қабылданды.

Ақпарат ретінде: «Czech Invest» инвестицияларды тарту жөніндегі агенттігі 1992 жылы құрылды. Агенттіктің қызметі Чехия Республикасы Үкіметінің белсенді қолдауына ие және оны Өнеркәсіп және сауда министрлігі қаржыландырады. Агенттік аэроғарыш өнеркәсібіне, электротехника және электроника, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, машина жасау, нанотехнологиялар және жаңа материалдар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, медициналық-биологиялық әзірлемелер және т.б. салаларға ішкі және шетелдік инвестицияларды тартады. Агенттіктің портфеліне 293,2 мың жұмыс орнын құру арқылы 1 916 мақұлданған жобалар енген. Тікелей тартылған шетелдік инвестициялардың болжамды көлемі 43,5$ млрд. құрады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/czech-invest-i-kazakh-invest-obmenyalis-peredovym-opytom-privlecheniya-investitsiy/