• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан-Түркия бизнес-форумында 1,5 млрд АҚШ долларына 18 құжатқа қол қойылды

Ыстанбұлда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқан Мамин мен Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті.

Бұл іс-шара Қазақстан Үкіметі басшысының Түркия Республикасына жұмыс сапарының шеңберінде өткізілді.

Бүгінде Қазақстанда қызмет ететін шетелдік кәсіпорындар саны бойынша Түркия екінші орында – елімізде түрік капиталының қатысуымен 2400 астам кәсіпорын бар.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Түркия Қазақстан экономикасына 275 млн АҚШ долларынан артық инвестиция жұмсады, ол 2018 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен екі есеге жуық артық. Қазақстан Тәуелсіздігінің барлық жылдарында түрік бизнесі республика экономикасына шамамен 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсады.

Форум жұмысына екі елдің ресми және іскерлік топтарының шамамен 100 қазақстандық және 500 түрік өкілдері қатысты.

Өз сөзінде А. Мамин Қазақстан мен Түркияның кәсіпкерлерін іскерлік байланыстарды белсенді реттеуге және өзара тиімді жобаларды іске асыруға үндеп, екі елдің инвестициялық ынтымақтастығын арттыру үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде Ф. Октай Тәуелсіздік және нарықтық экономикаға ауысу жылдарында Қазақстан экономиканың тұрақты дамуын және жағымды инвестициялық климатты қамтамасыз ете отырып, үлкен табыстарға жеткенін, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында табысты және тиімді қарым-қатынастың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, форум өрісінде АӨК және ТКМК, жеңіл және химия өнеркәсібі, көлік және инфрақұрылым, машина жасау, денсаулық сақтау, туризм, тұрғын үй құрылысы, МЖӘ саласында тәжірибе алмасу, қаржы нарығын дамытудағы ынтымақтастық туралы 1,5 млрд АҚШ долларына 18 құжатқа қол қойылды.

Одан басқа, Қазақстан делегациясының өкілдері форум аясында өз мүмкіндіктерін таныстырумен бірге, арнайы бөлінген алаңдарда «B2B» және «B2G» форматында әлеуетті серіктестермен 200 астам жұмыс кездесулері мен келіссөздер өткізді.

«Біздің компания инвестициялық жобалардың болашағы мен іске асыру жағдайларын талқылау кезінде Қазақстан Үкіметінің атынан жалғыз өкіл болып табылады. Бүгінде KAZAKH INVEST түрік кәсіпкерлерімен бірлесіп экономиканың басым секторларында 1,6 млрд АҚШ долларынан артық сомаға 16 жобаны пысықтауда. Біз Сіздерге 24/7 режимінде кез келген сұрақтар бойынша көмек көрсетуге дайынбыз», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы  Бауыржан Сартбаев түрік тарапының өкілдерімен екі жақты кездесулер аясында.

Ресми іс-шаралар өзара түсіністік пен сенім үлгісінде өтті, тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар мен қабылданған шешімдер Қазақстан мен Түркия халықтарының игілігіне қызмет ететінін атап өтті.

Қазақстан-Түркия форумының ұйымдастырушысы – ҚР Сыртқы істер министрлігі (Инвестициялар жөніндегі комитет, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас консулдығы), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, сондай-ақ, Түркияның сыртқы экономикалық байланыстар бойынша кеңесі (DEİK).

Генеральное консульство Республики Казахстан в Турецкой Республике), АО «НК «KAZAKH INVEST», а также Совет по внешнеэкономическим связям Турции (DEİK).

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/18-dokumentov-na-1-5-mlrd-dollarov-ssha-podpisany-na-kazakhstansko-turetskom-biznes-forume/