Инвестициялар Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушысы болып қала береді
Интерфакс-Қазақстан Айгуль Бердигулова Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) экономикалық талдау бөлімінің аналитикасына сілтеме жасай отырып, Қазақстанның экономикалық өсуінің динамикасы тұрақты, инвестициялық белсенділігі жоғары болып отыр, - деп хабарлайды.
«Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің алдын ала бағалауына сәйкес 2019 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ЖІӨ 4,2%-ке ұлғайды. Ағымдағы экономикалық динамиканың қалыптасуында инвестициялардың маңызы зор. Ағымдағы мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыруды ескере отырып, инвестициялар экономикалық динамиканың түйінді қозғаушысы болып қала береді.» - деді Бердигулова.
Оның мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ке артқан.
«Оң динамиканың қалыптасуына ықпал еткендер кен өндіру саласы, мұнда 2019 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша өсім 32,3%, газбен және электрмен жабдықтау - 63,5%», - деп түсіндірді.
Бердигулова 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ЕЭК есептейтін жиынтық озыңқы индикатор іскери белсенділік баяулағанын көрсетті, бұны ұсыныс пен баға конъюнктурасына қатысты экономикалық агенттерді қысқа мерзімді болжамдарынан байқаймыз ,-деді.