• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST бірінші жарты жылдық ішіндегі жұмыс нәтижелерін қорытындылады

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ көмегімен жалпы құны $217 млн. құрайтын 4 жоба пайдалануға енгізілді, $1,7 млрд сомаға 12 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, $7,1 млрд сомаға тағы 34 жоба жүзеге асырудың белсенді кезеңіне өтті – 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызмет қорытындылары осындай.

KAZAKH INVEST ағымдағы жылдың жарты жылдығындағы қызмет нәтижелерін қорытындылады. 2019 жылға нақты міндеттер қойылған, олар: жалпы сомасы $2 млрд құрайтын 30 жобаны пайдалануға енгізу бойынша көмек көрсету және құны $4 млрд құрайтын 35 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау. Пайдалануға енгізуге жоспарланатын жобалардың жалпы санының шамамен 40% экономиканың жаңа секторлары – жаңғырмалы энергия көздері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларға тиесілі. 2019 жылы жиынтығы 400 МВт  құрайтын күн, 90 МВт жел және 25 МВт гидро электр станциялары енгізілетіні жоспарлануда. Енгізуге жоспарланған электр станцияларының жалпы құны $680 млн құрайтын болады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында KAZAKH INVEST «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR-2019) ғаламдық инвестициялар жөніндегі жыл сайынғы дөңгелек үстелін ұйымдастырды. KGIR-2019 өз алаңында 1100 артық қатысушыны жинады, олардың арасында ірі әлемдік компаниялар мен отандық бизнестің жетекшілері, халықаралық сарапшылар, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар өкілдері бар. Шамамен 600 қонақ - әлемнің 41 елінен (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Түркия, Үндістан, Сингапур, Корея, БАӘ) келген шетелдік қатысушылар. Олардың арасында «Cisco», «Nokia», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және басқалар тәрізді әлемдік компаниялардың топ-менеджменті бар. Қатысушылар инвестициялық уағдаластықтарға қол жеткізіп, барлығы $8,2 млрд. құрайтын 41 құжатқа қол қойды.

Үкімет атынан инвесторлармен бірыңғай келіссөздер жүргізу үшін айқындалған және «бір терезе» қағидасы бойынша әрекет ететін компания инвесторлар үшін «жұмсақ инфрақұрылым» құрды: қазақстандық заңнама мен шараларды түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс ретке келтіріліп, шешімдер қабылдаудың ашықтығы қамтамасыз етілді, әкімшілік жүктеме төмендетілді.

2019 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі инвесторлармен жұмыс жасаудың «бір терезе» қағидасы жаңа бойынша тәртібін, сондай-ақ, инвестицияларды тарту кезіндегі өзара әрекеттесу ережелерін бекіткенін атап кеткен жөн. Инвесторлармен жұмыс жасау механизмі сыртқы, орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-кеңселер деңгейлерінде ұйымдастырылған.

Бүгінгі күні қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі invest.gov.kz Бірыңғай ұлттық интерактивті интернет-ресурсы жұмыс істейді. Сайтта инвестициялық климат, инвестицияларға тапшы артықшылықты салалар мен жобалардағы мүмкіндіктер туралы қажетті ақпаратпен қатар, сұраулар жолдау функциясы жүзеге асырылған. Инвесторларға 1200 артық кеңес ұсынған, инвесторларға арналған +7 7172 620 620 қоңырау орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Инвестициялық омбудсмен қызметінің шеңберінде KAZAKH INVEST қарауына инвестициялық қызмет барысында туындайтын сұрақтар бойынша 35 жүгінім келіп түсті, олардың 7 бойынша оң шешім ұсынылды, тағы 2 бойынша қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берілді, 26 жұмыс барысында.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-podvel-itogi-raboty-za-pervoe-polugodie/