Түрік компаниясы Қазақстанда зауыт ашуға ниетті
Қазақстан мен Түркия экономикадағы қарым-қатынастарын сақтауда, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Тараптар инвестициялар, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, көлік және сауда тәрізді салаларда өзара әрекеттесуде. Екі жақты тауар айналымының өсімі өткен жылмен салыстырғанда 50% артты. Сарапшылардың пікіріне сай, жоғары өсім екпіндері көрсеткіштерді бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
Қайсері провинциясы – Түркияның бірінші өнеркәсіптік аумағы. Мұнда 1300 артық компания орналасқан. Олар жиһаз, азық-түлік, құрылыс материалдарын, пластмассадан жасалған бұйымдарды өндіреді. Сондай-ақ, өңірде тоқыма, металл өңдеу және тау-кен өңдеу өнеркәсіптері дамыған. Тұрмыстық техниканы өндіретін компаниялардың бірі Қазақстанда да зауыт ашуды жоспарлауда.
Компанияның бас директоры Юсуф Уге:
- Біздің компания металдан жасалған бұйымдарды, оның ішінде, барлық тұрмыстық техниканы өндіреді. Бірнеше жылдың ішінде біз кейбір өнімдерімізді Қазақстанға экспорттадық. Қазір тұрмыстық техника өндіретін және металл өңдеумен айналысатын үлкен зауытымыз бар. Енді техниканы Қазақстанда өндірумен айналысуды жоспарлаудамыз.
Бүгінде Қазақстанның әр түрлі секторларында түрік капиталы тартылған 2 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылдың алғашқы үш айында елдер арасындағы екі жақты тауар айналымы 632 миллион долларға жеткен. Жақында бұл көрсеткішті жылына 5 миллиард долларға дейін арттыру жоспарлануда.
Түркиядағы Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі арнайы өкілі Нуриддин Аманкул:
- Біз тұрақты түрде түрік компанияларымен кездесулер өткіземіз. Қайсерінің 500 жетекші кәсіпорнымен келіссөздер өткізілді. Бұл өнеркәсіптік аумақтың экспорты жылына 3 млрд артық соманы құрайды.
Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның іскерлік климаты жайлы хабардар және бастысы, елге инвестиция жұмсауға дайын. Сондықтан, туысқандық елдер арасындағы экономикалық қатынастарды нығайту үшін, кәсіпорындар құрып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажет. Авторлары: Меруерт Қанағат, Гокалп Ямен
https://24.kz/ru/news/economyc/item/336647-turetskaya-kompaniya-namerena-otkryt-zavod-v-kazakhstane