• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның СІМ қазақстан-герман ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Тило Клиннерді қабылдады.

ҚР сыртқы саяси ведомствосы басшысының ағымдағы айға жоспарланып отырған Берлинге сапарын қоса алғанда екіжақты ресми сапарларды жоғары және өте жоғары деңгейде ұйымдастыру жоспарлары қарастырылды.

Тараптар Қазақстан-Герман және  Берлин Евразиялық Клубының іскери кеңесінің сауда-экономикалық ынтымақтастық, стратегиялық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық жұмыс тобының осы процестегі ерекше қызметін атап өтіп, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады, сонымен қоса, кіші және орта бизнес өкілдерінің қоса алғанда, Қазақстандағы неміс инвесторларының жұмысына барынша жақсы жағдай жасау мәселелерін қарастырды.

Әңгімелесу барысында гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа, неміс тілін оқыту орталықтарының жүйесі арқылы орта білім беру жүйесінде неміс тілін оқытуды кеңейтуге және дуальді білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Екі елдің арасында «жанды көпір» болып отырған Қазақстандағы неміс диаспорасынң маңызы ерекше, мұнда 200 000-ға жуық адам және  900 000-ге жуық ГФР-дағы  «қазақстандық» немістер бар.

Германия Қазақстандағы ең ірі сауда серіктестері мен инвесторларының бірі болып табылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша  ҚР мен ГФР арасындағы сауда айналымы 2,1 млрд.-тан астам АҚШ долл. құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 10,8% жоғары. Соңғы 13 жылда Қазақстанға 8,6 млрд.-тан астам АҚШ долл. Германиядан тікелей инвестиция ағыны  келіп түскен. Қазақстанға келетін 90%-ке жуық неміс инвестициялары «шикізаттық емес секторға», оның ішінде кіші және орта бизнес кәсіпорындарын қолдауға және дамытуға жіберіледі. 

Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын жұмыс әстейді.  Олардың ішінде «METRO», «KNAUF», «Heidelberg Cement», «BASF», «Linde AG», «CLAAS» секілді өзге де ірі компаниялардың өкілдері де бар. Өткен жылы жоғары технологиялық орталығы бар «WILO»  компаниясының консолдық, ұңғымалық және сорғылық жүйелер саласындағы жобалаушылар мен инженерлерді оқытатын және тестілеуден өткізетін, сонымен бірге  «OBI» компаниясының құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарын шығаратын өндірістік кешенінің ашылуы болды.

  https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/v-mid-kazakhstana-obsuzhdeny-voprosy-kazakhstansko-germanskogo-sotrudnichestva/