• Мобильді үстемені жүктеу

Ислам даму банкі Қазақстанмен жүйелі ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдірді

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Саммитінің 14-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Ислам даму банкі тобының (ИДБ) Президенті доктор Бандар Хаджардың кездесуі болып өтті.

Тараптар банктің біздің елдегі ұлттық инвестициялық жобаларына одан әрі қатысу мәселесін талқылады. Қазақстан ИЫҰ-на мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық интеграциясын көздейтін «Исламдық инфрақұрылымдық интеграция» Стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын іске асыру аясында ИДБ-мен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.
Әрине, Банктің Қазақстанның экономикалық даму бағдарламаларына қатысуы біздің елмен ынтымақтастықты дамытуға деген нақты ниетін көрсетеді. «Біздің мақсатымыз - Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту және сіздің елде исламдық қаржыландыру тетіктерін дамыту. Мен Қазақстанды Люксембургтегі Сукук исламдық бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға және Банктің арнайы стипендиялық бағдарламалары желісі бойынша мамандарды даярлауға шақырамын», - деді Б.Хаджар.
Сондай-ақ, ол 500 миллион долларға бастапқы капиталдандыру арқылы ғылым және технологиялар бойынша ИДБ қорын құру туралы туралы хабардар етті.
Қазақстан тарапы ИДБ Президентіне Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық іс-шараларға, атап айтқанда, 2017 жылдың қыркүйегінде ғылым мен техника бойынша ИЫҰ-ның бірінші Саммитіне, Астана халықаралық қаржы орталығының ашылуына (АХҚО) және 2018 жылдың шілдесінде «Astana Finance Days» белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, Банк пен АХҚО арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, Б.Хаджар Орталықты басқару Кеңесінің мүшесі болып табылады. ИДБ мен АХҚО арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум ТМД аймағындағы исламдық қаржыландыруды дамытуға ықпал етеді және осы саладағы ИДБ-ның құнды тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік береді. Қазақстан тарабы ИДБ-ны АХҚО-ның базасында исламдық қаржы қызметтері саласын дамытуға белсене қатысуға шақырды және ИДБ құрылымдарын шектеу және АХҚО Биржасында Сукук ислам бағалы қағаздарын шығару арқылы осы қаржы орталығымен ынтымақтасу үшін басқа ислам қаржы институттарын тартуға көмектесуді ұсынды.
Сондай-ақ, исламдық қаржыландыру жөніндегі Халықаралық ислам корпорациясының Жарғысын ратификациялау рәсімін жедел түрде аяқталуына назар аударылды, бұл ИЫҰ елдеріне экспортты дамыту үшін айтарлықтай қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік береді.
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бүкіл әлем үшін маңызды. Қазақстан осы салада белсенді жұмыс істеп келеді. Осыған байланысты, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі исламдық ұйым аясында Исламдық даму банкіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтылды, оның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында АТҚИҰ атқарушы кеңесінің екінші отырысы мен ағымдағы жылдың тамыз айында Джидда қаласында Бас Ассамблея сессиясын өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/319047-islamskij-bank-razvitiya-nameren-aktivizirovat-sistemnoe-sotrudnichestvo-s-kazakhstanom