• Мобильді үстемені жүктеу

Валерий Вавилов: «Қазақстан зор әлеуетке ие»

Қазақстан өте қызықты және тиімді инфрақұрылым құруда. «Сандық Қазақстан» бастамасы экожүйелер, стартаптар үшін өте маңызды. Бұл пікірді ғаламдық инвестициялар бойынша Үшінші жыл сайынғы дөңгелек үстел (KGIR-2019) барысында Bitfury Group көпсалалы блокчейн-компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Валерий Вавилов айтып өтті.

Өз бизнесін қандай елде бастау керектігін таңдаған кез-келген инвестор үшін заманауи инфрақұрылымның болуы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан қол жеткізген ең басты артықшылықтардың бірі - инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты. «Осында, Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін мені және менің командамды шабыттандырған – бұл жаңа АХҚО. Біз стартаптарды және қайда бастауымыз керектігін іздедік. Бізге не қажет болды? Қауіпсіздік, айқындық, қарапайымдылық және біз инновацияларды қолдауды сезінуіміз қажет болды. Сондықтан, әрине, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы бізді таңғалдырды, ол жерде барлығы дайын болды», - деді Валерий Вавилов KGIR -2019 пленарлық отырысына қатысушыларға.

Сондай-ақ, ол инвесторды таңдауға әсерін тигізетін факторларды қалай түсінетіндігімен бөлісті. «Халықаралық бизнестегі ең маңызды нәрсе - қауіпсіздік, сонымен қоса « бір терезе» тәсілі де маңызды», - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар, Валерий Вавиловтың пікірінше, инновацияны қолдау маңызды. «Бүгінде біз табиғи ресурстар негізіндегі экономикадан деректерге негізделген экономикаға көшіп жатырмыз. Әр түрлі мәселелерді шешуге көмектесетін қандай да бір жаңа технологиялар жасауды қалайтын түрлі технологиялық компаниялар бар. Егер біз цифрлық экономика туралы айтатын болсақ, бір жағынан, әлем сандық жүйеге көшкенімен, екінші жағынан, біз әлі де қағаз жұмысты қолданамыз. Бұл жерде іске қосылған «Сандық Қазақстан» бастамасы экожүйе үшін, стартаптар үшін аса маңызды болып табылады деп ойлаймын», - деп санайды ресейлік кәсіпкер.

Валерий Вавилов бұл қалада алғаш рет Назарбаев Университетіне барған кезде «бұл университеттің технологиялық тұрғыда қаншалықты дамығандығына таң қалдым» деді. «Менің ойымша, Қазақстан қазірдің өзінде құрылған экожүйеде үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын».

Сондай-ақ, ол кез-келген ел үшін маңызды болатын екі негізгі фактор бар деп санайды. «Бұл адами капитал, біздің миымыз және екіншісі - деректерге қолжетімділік. Қазір деректер көлемі өте жылдам өсіп келе жатқанына көз жеткізіңіз. Соңғы екі жылда біз адамзат ретінде барлық деректердің 50% жинақтадық, бұл үлкен көрсеткіш. Сондықтан, көптеген адамдар «бұдан кейін не болады, қандай деректер болады?» деп айтады. Және кез-келген Үкіметтің, кез келген елдің деректерді негізгі жеткізушісі - бұл азаматтар. Сіздер деректер көптеген қызметтерден жиналатындығын білесіздер. Бұл елде деректерді басқарудың және сақтаудың тиімді жүйесін құруда осы экожүйеге қол жеткізу үшін стартаптарға рұқсат болу керек, бұл өте маңызды», - деді Валерий Вавилов.

Дегенмен, Валерий Вавиловтың пікірінше, қазіргі кезеңде деректер базасымен жұмыс істеу өте маңызды. «Біз бұл деректерді қалай сақтауға және қалай басқаруға болатынын білуіміз керек, осылайша біз стартаптарға ерік беріп, олармен жақсы ынтымақтастықта болуымыз қажет», - деп санайды.

Bitfury Group бас директоры деректер туралы сөз қозғаған кезде, біз барлық деңгейдегі деректерді айтамыз. Мысалы, біз кез-келген деректерді жинау үшін қазіргі уақытта әртүрлі құрылғыларды қолданамыз,- деп атап айтты.

«Бұл жерде төлем жүйелері туралы ғана сөз қозғалып отырған жоқ, бұл тек бір көрінісі. Басқа жақтары - деректерді қалай жинайтындығымыз, мысалы, әр түрлі жолдарда, кептелістерде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында адамдар жарықты, суды, газды және электр энергиясын қалай тұтынады. Мен бүкіл әлемдегі пайдаланатын және жинайтын деректер жөнінде айтып отырмын. Егер біз, егер еліміз осы деректерді тиімді сақтауға және осы стартаптарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе, олар осы саладағы кез-келген мәселелерге қатысты барлық мәселелерді шеше алады», - деп санайды Валерий Вавилов.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/valeriy-vavilov-u-kazakhstana-est-ogromnyy-potentsial/