Инвестициялар тарту жөнінде Үйлестіру кеңесі құрылды
Инвестицияның жаңа ағымын тарту үшін Үйлестіру кеңесі құрылды. Оны Премьер-Министр Асқар Мамин басқарды деп мәлімдеді Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі.
Елбасы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша міндет қойды, ол бізден негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін орта мерзімді перспективада 30% деңгейіне дейін арттыруды талап етеді. Осы мақсатқа жету үшін тікелей шетелдік инвестициялар тарту өте маңызды міндет болып табылады. Шетелдік тікелей инвестициялар негізгі драйверге айналуы тиіс. Сондай-ақ, ел экономикасына инвестициялардың жаңа ағымын тарту бойынша нақты жұмыстарды ұйымдастыру қажет», - деді Асқар Мамин.
Инвестициялар тарту мәселелері бойынша барлық шешімдер енді үйлестіру кеңесінің қарауына беріледі.
«Кеңестің бірінші отырысы мамыр айында өтеді. Келесі айдан бастап үйлестіру кеңесінің отырысы жүйелі түрде және апта сайын өткізілетін болады. Екіншіден, АХҚО сайтында инвесторлармен жұмыс жасау бойынша бірыңғай экожүйе құрылатын болады. Бұл жүйе барлық даму институттарын қамтиды және бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. АХҚО аймақтық инвестициялық орталық болуы керек», - деді Асқар Мамин.
Сыртқы істер министрлігі Үкіметтің «Астана» халықаралық қаржы орталығы жанында инвестиция тарту бойынша экожүйелер құру жөніндегі ұсынысын толық қолдайды,- деп мәлімдеді ведомство басшысы Бейбіт Атамқұлов, соған қоса АХҚО мүмкіндіктерін, әсіресе ағылшын құқығы принциптеріне негізделген бірегей құқықтық режимді пайдалану қажеттілігін айтып өтті.
«Даму институттарының барлығы бір жерде – Инвестициялар жөніндегі комитет, «KazakhInvest», Шетелдік тікелей инвестициялар қоры және басқа да инвестициялар тарту саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдарға шоғырланатын болады. Барлық мекемелер «Астана» Халықаралық қаржы орталығының сайтында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Инвесторларды мемлекеттік қолдаудың барлық шараларымен қамтамасыз ету арқылы инвестициялық жобалардың бірыңғай пулын жүйелі түрде қалыптастырады», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Ол Үйлестіру кеңесінің құрамына негізгі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар, сот және әлеуетті құрылымдар өкілдерінің кіргенін атап айтты. Кеңес ірі және орта инвесторлардың мәселелерін қарастырады және солар бойынша шешім қабылдайды.
«Арнаулы салық режимін беру, шетелдік жұмыс күшін әкелу рәсімдерін жеңілдету, жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылым салу тәрізді Кеңеске өкілеттіктер беру ірі стратегиялық инвесторлардың кіруі бойынша мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беретініне сенеміз. Қазіргі инвесторлармен жұмысты жандандыру және проблемалық мәселелерді шешу үшін Қазақстанның Премьер-Министрін инвестициялық омбудсмен ретінде тағайындау ұсынылды»,- деді Бейбіт Аттамқұлов.
https://kapital.kz/economic/77665/sozdan-koordinacionnyj-sovet-po-privlecheniyu-investicij.html