• Мобильді үстемені жүктеу

Испаниялық бизнес Қазақстандағы қоқыс өңдеу кешендерінің құрылысына инвестиция жұмсауда

Құрылтайшылары GruppoAnka, ftE және SoroznoEco испаниялық компаниялар консорциумы болып табылатын «Э-Жасыл» ЖШС энергия өндірумен, қоқысты қайта өңдеу кешендерінің құрылысы бойынша жобалар қатарын жүзеге асыруға кірісті. Барлық жобалардың жалпы құны 147 миллион еуроны құрайды.

Испаниялық инвесторларға жан-жақты қолдауды «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ көрсетті. Төрт ай ішінде «KAZAKH INVEST» еліміздің үш әр түрлі өңіріндегі жауапты компаниялар арасынан 3 серіктесті іріктеді. Жобаны сәтті орындау мақсатында Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбаймен, Астана, Шымкент, Жезқазған, Атырау, Қызылорда қалаларындағы, сонымен қатар, Алматы, Ақмола облыстарындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер барысында инвестор бүкіл әлем бойынша 40 ұқсас кәсіпорынд сәтті пайдаланылатын, қалдықтарды өңдеудің «мериолиз» технологиясын таныстырды.

Сонымен бірге, инвесторлар Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа таныстырылды. Кездесу барысында әкіммен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу есебінен электр энергиясын өндіруді жоспарлайтын биогазды қондырғыны салу мүмкіндігі талқыланды. Шымкент қаласының әкімі елдің үшінші мегаполисі үшін жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын хабарлап, биогазды қондырғыны салу үшін жер телімін іздестіру тапсырмасын берді.

Испаниялық инвесторлар Қазақстандағы инвестициялық қызметін Жезқазған қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жою зауытын салудан бастайды. Испаниялық инвесторлардың отандық серіктестері «Kaz Green Energy» компаниясы болды. Өндірістің қуаттылығы жыл сайын 110 мың тонна қайта өңделген қалдықты құрайтын болады. Бірінші жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау 2019 жылдың бірінші жартысына жоспарланған.

Испаниялық инвесторлардың келесі жобасы – Шымкент қаласындағы қоқысты қайта өңдеу зауыты болады. Бұл зауыттың қалдықтарының жыл сайынғы көлемі 200 мың тоннадан жоғары болатыны жоспарланған. Осы жобаны жүзеге асырудың серіктесі отандық компания «МПЗ Green Line» ЖШС болады, ынтымақтастық және жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ инвесторлар «АлатауТазалықСервис» ЖШС және «Таза Жер МПК» ЖШС бірлесіп Алматы облысының Іле ауданында ұқсас өндірісті іске қосуды жоспарлауда. Қайта өңделген қалдықтардың жылдық көлемі 250 мың тоннаны құрайтын болады.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ инвестициялық қызметтің және Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде инвесторларды сүйемелдеуді жалғастырады.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/ispanskiy-biznes-investiruet-v-stroitelstvo-musoropererabatyvayushchikh-kompleksov-v-kazakhstane/