• Мобильді үстемені жүктеу

Пекинде Қазақстанға инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Қытай астанасында «Бір белдеу – бір жол» тақырыбында семинар өтті, оның барысында 60 қытайлық және 20 қазақстандық компаниялар өкілдері кейінгі ынтымақтастықты талқылады.

Кездесуді Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ашты. Ол шара қатысушыларын Қазақстанның инвестициялық климатымен, Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестіктің дамуының жағдайымен таныстырды. Семинарда сондай-ақ «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының Басқарушы директоры Алмас Ағыбаев және «Deloitte China» Тау-кен металлургиялық мәселелер жөніндегі жетекшісі Кевин Сюй сөз сөйледі. Қазақстандық компаниялар металлургия, тау-кен, энергетика, мұнай-химия және көлік салаларындағы 17 инвестициялық жобаны таныстырды.

«Дэлойт Казахстан»:  бас директоры Дина Тасболатова:

- Мұнда жоғары әлеуетті жобалар әкелінді. Олардың пысықтаудың ауқымды негізі бар. Қорларды бағалау жасалып, әр түрлі инфрақұрылым жүргізілген. Жалпы мұндай шаралар Қазақстанның инвестициялық әлеуетін кеңейтіп, қытайлық бизнеспен тығыс ынтымақтастықты реттеуге мүмкіндік береді.

Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/273569-voprosy-privlecheniya-investitsij-v-kazakhstan-obsudili-v-pekine
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz