«KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясының басшысы АҚШ Миссиясы Басшысының Орынбасарымен кездесті
21 қыркүйекте Астана қ. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Америка Құрама Штаттарының ҚР Миссиясы Басшысының Орынбасары Теодор Лингтің екі жақты кездесуі өтті. Кездесу аясында тараптар Нью-Йорк қ. алдағы инвестициялық конференцияны ұйымдастыру және америкалық компаниялардың сауда миссиясының сапары шеңберіндегі өзара әрекеттесуді талқылады.
«KAZAKH INVEST» жетекшісі Сапарбек Тұяқбаев АҚШ инвестиция тарту үшін басым 11 елдің қатарына кіретітін атап өтті. Елбасының Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының шеңберінде осы жылдың қаңтар айында Қазақстан америкалық тараппен жалпы сомасы шамамен 6.7 миллиард АҚШ долларына 27 құжатқа қол қойды. Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жұмысында қазіргі уақытта жалпы сомасы 4.1 миллиард АҚШ долларына 20 жоба орналасқан.
2018 ж. 4 қазанында Нью-Йорк қаласында өтетін Инвестициялық Конференцияға 250 ірі америкалық компаниялардың жетекшілері, сондай-ақ, Қазақстан және Америка тараптарынан мемлекеттік органдар өкілдері қатысатыны жоспарлануда. Қазақстан делегациясын ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Асқан Мамин басқаратын болады.
Америка тарапының жауапты сапары 2018 жылдың 24-25 қазанында өтеді. АҚШ сауда миссиясы Астана мен Алматыға келеді. Экономиканың энергетика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және экологиялық шешімдер тәрізді секторларын ұсынатын 15-20 америкалық компанияның қатысуы күтілуде.
Кездесу қорытындылары бойынша сұхбат қатысушылары алдағы шаралардың сәтті өткізілуіне сенім білдіріп, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кейінгі тереңдетудегі мүдделілігін атап өтті.