• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан ОА-ның басқа елдеріне қарағанда көбірек инвестиция тартады

Бұл туралы Қытай Халықаралық экономика және қаржы институтының бас директоры Китая Чжоу Цянву мәлімдеді.

Орталық Азия аймағындағы – Қырғызстан мен Тәжікстанмен салыстырғанда Қазақстан шетелдік инвестицияларды 11 есеге көп тартады. Осындай мәліметтерді Бішкекте өткен «Ұлы жібек жолы бойы білім дәліздерінің құрылысы» аналитикалық орталықтарын дамытудың III-Форумында ҚХР Халықаралық экономика және қаржы институтының бас директоры  Чжоу Цянву мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Қытай сарапшысының сөздері бойынша жылдық орташа көрсеткішке сәйкес Қазақстан шетелдік капиталдың 11 млрд долларын, ал Тәжікстан мен Қырғызстан — шамамен 1 млрд долларын игереді.

«Қазақстандағы шетелдік инвестициялар 2013 жылы 10 млрд долларды құраса, 2015 жылы 6,4 млрд долларды құрады, ал 2016 жылы — 16 млрд долларға артты. Елдердің саясатын түзетуіне байланысты өнеркәсіптік инвестициялар өсуде. Орталық Азия аймағына инвестицияларды тарту перспективалары уақыт өткен сайын жақсара түспек», — деді Чжоу Цянву.

Сонымен қатар, капитал ағымы соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің  инвестициялық орта саласында реформалар жүргізуіне, әкімшілік шараларды қайта қарауына, мемлекеттік қызметтер ұсынуды жақсартуына, салық стимулдарына және мемлекеттік қолдауға байланысты.

Дегенмен, проблемалар да бар. Атап айтқанда, аймақтағы қаржы нарығы нашар дамыған және ол инвестицияларға байланысты. Сондай-ақ, күрделі қаржы нарықтары құрылмаған және айқындық деңгейі төмен, кепілдік институттар жоқ, ал инвестицияларды тартуға жұмсалған шығындар көлемі жоғары. Соңғы жылдары ұлттық валюталар девальвациясының бірнеше толқыны болды, бұл инвесторлар үшін өте қауіпті болып табылады деп мәлімдеді Чжоу Цянву.

 

https://m.kapital.kz/economic/70725/kazahstan-privlekaet-bolshe-investicij-chem-drugie-strany-ca.html