Астанада Қазақстан-Словен бизнес форумы өтуде
«Kazakh Invest» қолдауымен Астанада екі елдің 60-тан астам іскери орта өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-словен бизнес форумы өтуде.
Форумның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Қазақстан-Словен бизнес клубының Президенті Деян Штанцер құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде Деян Штанцер Словения Еуропа орталығында орналасқанын және Австриямен, Италиямен, Венгриямен, Хорватиямен шектесетінін, бұл дегеніміз Словения Солтүстік пен Оңтүстікті, Батыс пен Шығысты байланыстыратын көпір, ең маңыздысы - ашық теңізге шығу мүмкіндігі бар екендігін, сондай-ақ, Словения барлық маңызды бүкіләлемдік ұйымдардың, соның ішінде ЭЫДҰ және БЭЖ мүшесі болып табылатынын атап өтті.
«НК «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Басқарушы директоры Эрик Якубаев Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы айтып, словен бизнесмендерін республика аймақтарында инвестициялық жобаларды қарастыруға шақырды.
Сонымен қоса, форум барысында словен инвесторы Севен Рефракторис, AHA Hyperbarics (HBOT) бас директоры Питер Кокаль сөз сөйледі.
Форум соңында Астана қаласында Қазақстан-Словен бизнес клубын тіркеу және оның салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
Анықтама ретінде: 2017 жылғы қаңтар-қазан айлары кезеңінде екіжақты сауда айналымы 97,2 млн. АҚШ долл.құрады (экспорт – 25,2млн.АҚШ долл, импорт – 72 млн.АҚШ долл.). Қазақстанға Словениядан тез кесетін болат, ерігіш тағамдық қоспалар, темір, электр жабдықтары және олардың жиынтықтаушылары, кен өндіру техникасы, кеңсе заттары, машина жасау өнімдері, фотоаппараттар және фотоқұралдар, ойыншықтар және спорт құралдары, тастан, цементтен жасалған бұйымдар, жиһаз және киім импортталады. Қазақстаннан Словенияға мақта, темір және болат, фенолокетон, электр жабдықтары және олардың жиынтықтаушылары экспортпен шығарылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (СЫҮК) жұмыс істейді. СЫҮК-нің 3-отырысы 2016 жылғы 20-21 қазанда Люблян қаласында өткізілді.