• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР-да өңдеуші өнеркәсіп инвестицияларының сомасы ұлғайды

Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестициялар сомасы ұлғайды. 2017 жылы шетелдік салымдардың 25%-і экономиканың дәл осы секторына келіп түскен. 2009 жылмен салыстырғанда көрсеткіш ұш есе өсті. Бұл жөнінде Қазақстанның Инвестициялар жәнеи даму министрлігі комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров мәлімдеді. Ведомствода шетелдік капиталды тарту бйоынша жаңа стратегияны таныстырды. Ерлан Хаиров, ҚР ИДМ комитетінің төрағасы: - Өткен жылы бізде шетелдік инвесторларды тарту бойынша бірыңғай операторға айналуы тиіс «Қазақинвест» компаниясы құрылған болатын. Қазір олардың жоспарында шамамен 200 жоба бар, соның ішінде, трансұлттық компаниялармен бірге. Осы жылы біз «Қазақинвестә ұлттық компаниясы трансұлттық компаниялардың қатысуымен ірі жобаларды – шамамен 7 жобаны жүзеге асырады деп нысан қойып отырмыз. Бұл елдің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын жобалар.

http://24.kz/ru/news/economyc/item/242206-summa-investitsij-v-obrabatyvayushchuyu-promyshlennost-uvelichilas-v-rk