• Мобильді үстемені жүктеу

География

Әкімшілік территориялық белгілермен аудан 19 ауылдық бірлікке бөлінген, 51 елді мекен, оның төртеуі ірі Қалбатау ауылы, Шар қаласы, Әуезов және Жаңғызтөбе кенті.

Табиғат бұл өлкені әр түрлі байлықтармен силаған. Природа наделила этот край богатством и разнообразием. Көптеген өзендер мен көлдер, жасыл белестер, көркем таулары бар.  Бұл өлке пайдалы қазба байлықтармен: алтын, асыл тастармен, қара мрамор және извест тастар және т.б.

lake-balykty-kol petroglyphs-karasu

Аудан территориясын мемелекттік маңызы бар темір жол желісі, Алматы-Лениногорск және Омск-Майкапчагай автокөлік жолдары кесіп өтеді.

Жарма жері ертеден – ақ оңтүстік пен солтүстікті керуен жолдарымен байланыстырып жатыр. Бұл өлке саяхатшылар мен георграфтарды қатты қызықтырған, олардың көпшілігі артына жергілікті жердің табиғат көркі, тұрғылықты халықтың тұрмысы мен шаруашылық ерекшеліктері туралы мәліметтер қалдырған. Мәселен, бұл жерлерде Ш.Уалиханов, П.Семенов-Тянь-Шаньский, Г.Потанин, В.Обручев, А.Янушкевич сияқты басқа да атақты ғалымдар мен зерттеушілер болған.

Тарих

Аудан Шығыс Қазақстанның орталығында орналасқан. Ол 1928 жылы құрылып, сол кездегі аудан орталығы – Жарма кентінің атауымен аталған. 1932 жылдан бері аудан орталығы болып Георгиевка ауылы болып саналады. (аудан орталығының атауы  2008 жылдан Қалбатау ауылы болып ауыстырылды).

Аумағы

Аудан 1928 жылы құрылған, жер көлемі 22 мың 600 шаршы шақырым немесе облыс көлемінің 8 пайызын құрайды.

Шекаралар

Аудан Шығыс Қазақстанның орталығында орналасқан. Шығысында аудан Көкпекті ауданымен, батысында Абай ауданымен, онтүстігінде Аягөз ауданымен, солтүстігінде Ұлан және Семей қаласымен шекараласады. Аршақашықтық:
Өскемен қ. – 106км.,
Семей қ. – 150 км.,
Астана қ. – 950 км.,
Алматы қ.– 1000 км.

Халқы

2017 жылы жалпы халық саны 38709 адамды құрады, 23 ұлттың өкілдері өмір сүреді, олардың ішінде қазақтардың үлес салмағы 92,5%, орыстар 5,3%, басқа ұлт өкілдеріне 2,2%.

Жер ресурстары

1110215 га – ауыл шаруашылық саласына
9231 га – өнеркәсіпке
876 0710  га – резервтегі жерлер

Инфраструктура

Мектептер саны – 44, мектеп ішіндегі интернат – 2, ДМШ – 1, корректрлік кабинет – 1.
88 мектепке дейінгі бала-бақша жұмыс істейді, оның ішінде 81 мектепке дейінгі бала-бақша орталықтары 7 бала – бақша.
Ауданда 12 «Казпочта» АҚ бөлімшесі жұмыс атқарады, олардың 8 жылжымалы.
Ауданда барлығы 35 мадени мекемелер, оның 2 мәдениет үйі, 22 клуб, 13 кітапхана және 1 тарихи өлкетану музейі бар.
30 спорттық кешен жұмыс істейді.
Аудан толығымен медициналық жүйемен қамтылған.
2 аурухана мекемесі және 6 дәрігерлік амбулатория жұмыс істеп тұр. Халыққа алғашқы көмекті көрстуге 22 медициналық пункт бар.

Өндіріс

Ауданда тау кен және өндеу өндірістері дамыған. Консолдық және сыртқа тебуші сорғылар, кірпіш, асфальт, күлдіблок, өсімдік май, нан және нан өнімдері, жиһаз өндіріледі. Аудан экономикасының дамуына ауыл шаруашылығы кешені аса манызды әсерін тигізеді, аталған саланың дамуы ауданның азық қауіпсіздігі және әдеуметтік экономикалық ахуалын денгейін көрсетеді. Мамандандыру бойынша ауыл шаруашылығы саласы өсімдігі дамыған мал шаруашылығына бағытталған. Ауданда сүт және ет шаруашылықтары, қой, жылқы, құс шаруашылықтары дамыған. Ауданның транспорттық кешені автокөлік және темір жол түрлерінен тұрады.

Жер ресурстары

1085522 га – ауыл шаруашылық саласына,
15269 га – өнеркәсіпке,
894725 га – резервтегі жерлер.

Еңбек ресурстары

  21227 – экөномикалық белсенді халық саны (облыстық статистика департаментінің 2016 жылдың 1 қантарға  мәліметі).
2016 жылдың 1 қыркүйегіне 136 адам жұмыссыз болып тіркелеген.
– оның ішінде ерлер – 51 адам
– әйелдер – 85 адам

Кадрлар әлеуеті

Семей қаласы «Қызмет көрсету саласы» колледжі мекемесі, КМКҚ «Құрылыс колледжі»

Оқытылған мамандықтар тізімі:

Есепші -3

Кран жүргізушісі -2

Аспазшы -4

Газ бен электр дәнекерлеуші -2

Инвестициялық әлеует

Жарма ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарының орындалуына жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылдың жылдың 11 айының қортыныдысы бойынша негізгі капиталға инвестицияның түсуі 48 150,7   млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 316 млн. теңгеге өсті. Оның негізгі бөлігі «Бақыршық тау кен кәсіпорыны» ЖШС-нің «Қызыл» жобасын жүзеге асырумен байланысты. Жоба құны 121,5 млрд тенге. Жүзеге асыру кезеңі 2015-2019 жылдар. Кәсіпорын өткен жылы жобаны жүзеге асыруын бастап, Әуезов кентінде айналмалы жол, су құбырын ауыстыру, жаңадан жылу қазандығын салу жұмыстарын қолға алды. Ағымдағы жылдың басында жобаға қажетті ірі техникалар сатып алды. Екінші жартыжылдықта зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

 Бүгінгі күнге сол кен орындарында 20 жуық кен өндеу кәсіпорындары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Іс-шара жоспарын жүзеге асыру кезенінде яғни 2020 жылға дейін ауданымызда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асыру арқылы 50 млрд. теңгені инвестициясын тарту жоспарлануда. Барлық жобалар ауданның үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасы бойынша  үйлестіру кенесінде қаралып, екі жоба облыстық индустриялық картасына енгізілді. Олар:

 1.«Артель Старателей Горняк» ЖШС Құрылтайшысы: «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС. Директоры:  Минигулов Амангелды Мухамедкалиевич. Жобаның сомасы: 27 млн.доллар. Жүзеге асыру мерзімі :  2016 – 2020 ж.ж., жұмыс орындар саны: Зауыт құрылысы кезенінде-  150-200 адам, жүзеге асырылған мерзімінде- -  445 адам тартылады. (360 жұмысшы, 85 ИТР).

2. «Жангиз Солар» ЖШС - «Қуаттылығы жылына 30 МВт-тық күн электр станциясын салу жобасы» ( Жанғызтөбе кентінде)  Директоры: Сейтенов Данияр Ельжанулы. Жобаның сомасы : 47,5 млн. евро немесе 17 млрд. 500 млн. тг, оның ішінде 7 млрд. 400 млн.. Жүзеге асыру мерзімі : 2018 – 2019 ж.ж. Ашылатын жұмыс орындар саны: Құрылыс кезенінде -150-200 адам,  жүзеге асырылған мерзімінде-  8 адам.

Сонымен қатар келесі облыстық үйлестіру кеңесіне бір әлеуеті мүмкіндігі жоғары жоба дайындалуда. Олар:

1. «Жарма Энерджи» ЖШС- «Қуаттылығы жылына 45 МВт электр станциясын салу жобасы». Жоба сомасы: 25 162 млн. теңге, оның ішінде 21 387,7 млн. теңге шетел банктері несиесі, 3 774,3 млн. теңге өз қаражаты. Жүзеге асыру мерзімі : 2018 – 2019 ж.ж., жұмыс орындар саны: құрылыс кезенінде -470 адам,  жүзеге асырылған мерзімінде-  45 адам.

Өнеркәсіп саласынан бөлек ауыл шаруашылық саласында да инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. 2017  жылдың 11 айында 284,1 млн. теңгеге  ауыл шаруашылық техникалары және асыл тұқымды малдар сатып алынып, статистика басқармасына инвестиция ретінде тіркелді. Ауданға инвестиция тарту және инновациялық даму бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде.

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

Қызметкерлер және мамандар бойынша қажеттiлiк 2016 жылдың 1 қыркүйегіне 68 адамды құрайды.
1. «Ақ сұңқар» ш/қ:  малшы -1;

2. «Болашақ» ш/қ: мал дәрігері -1, малшы -3;

3. «Казпочта» АҚ:  жетекші маман -1, оператор -1;

4. ЖК «Садвакасова»: сатушы көмекшісі -2, аула тазалаушы -1, ыдыс жуушы-1;гүл салушы-1;еден жуушы-1;

5. «Семей орманы» МОТР филиалы: орман мастері -1;

6. «КМФ» ЖШС: кредиттік эксперт -1;

7. «АС Горняк» ЖШС: ауыр жүкті автокөлік жүргізушісі -1;

8. ОВ-156/21 мекемесі: терапевт -1, психиатр -1, фельдшер-1, бақылаушылар- 10

9. «Сембел» ЖШС: аспазшы -2;

10. Қапанбұлақ ауылы «Т. Хасенұлы атындағы орта мектебі»:орыс тілі пәні мұғалімі -1;

11. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС: юрисконсульт -1, есепші -2, экономист -1,инженер-1;

12. «Восток  Металл Транс» ЖШС: құрылысшылар-3, жұмысшылар-3;

13. «Сарыбас» ш/қ: малшы-1, сауыншы-1, трактор жүргізушісі-1;

14. «Шалабай» ЖШС: бас есепші-1, заңгер-1, мал дәрігері -1, камаз жүргізушісі-3, тракторшы-4,

      малшы-2;

15. «САС Казахстан»: аспазшы-1, ыдыс жуушы-1, еден

      жуушы-1;

16. Әуезов кенті «Дарын» дүкені: тоқаш пісіруші-1;

17. КМКҚ «Шар қалалық ауруханасы»: дерматолог-1, заңгер-1, есепші-1;

18. ЖК «Сандыбаева Б»: әртүрлі жұмысшы-1;

19. «Береке-Бірлік» ш/қ: механизатор-1, малшы-1;

Туристік әлеует

«Жарма Арасан» сауықтыру орталығы

Табиғат Жарма ауданына  әр түрлiлiктi сыйлады. Балауса белес, көркем тау, тоғайлар, көп өзендер және көлдер. Өзi олардың белгiлiсi – Арасан сор көлі. Балшығының шипалы қасиеттерi әлдеқашан белгiлi. «Жарма Арасан» сауықтыру орталығы Жарма ауданының орталығы Калбатау ауылынан 12 шақырым арақашықтықта орналасқан. Сауықтыру орталығында дәрігердің ұйғарымы бойынша шипалы сумен, балшық пен терi аурулары, гинекологиялық, неврологиялық және буындардын аурулары емделеді  және тағы басқа аурулардың алдын алу сияқты көптеген дерттерді емдеп жазуға болады.  Сонымен бірге ақылы массаж және сауна қызметтері көрсетіліп, 4 уақыт тамақтандыру, қызықты мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сауықтыру орталығына емделу үшiн Республиканың барлық облыстарынан, бергi және алыс шетелден келедi. 10 күн аралығында сауықтыру орталығында  74 адамға дейiн бiр мезгiлде дем ала алады. Балық аулаудың әуесқойлары сазан және жылан балықтардың Арасан тұзды судан ерекше еңбексiз аулай алады. Сауықтыру орталығы жазда және күзде жұмыс iстейдi.

 

«Мейірім» спорттық-сауықтыру лагері

   Ауданда демалам және денсаулықтарын жақсартам дегендер үшін, жаттығу залы бар, волейбол, баскетбол және футбол ойнайтын алаңы бар, «Мейірім» спорттық – сауықтыру лагері жұмыс істейді.

  Жыл сайын аудан бойынша балалар IV-аусымда 125 баладан барлығы 500 бала демалады. Салыстырмалы түрде қарасақ жыл сайын лагерде демалушылар саны өсiп отырады. Мысалы: 2009 жылы 281 бала демалса, соңғы жылдары (2011-2013 ж.) 500 бала демалып, сауығады.

  Лагерь екі ғимараттан тұрады: негізгі ғимарат және жатақхана. Негізгі ғимаратта асхана, жаттығу залы, демалыс бөлмелері, спорт зал орналасқан.
Жатақхана лагерь штабы, акт залы, жатын бөлмелер, гигиеналық бөлмелерімен қамтылған.