• Мобильді үстемені жүктеу

Тарих

Бесқарағай ауданы – Шығыс Қазақстан облысының 19 аумақтық бірліктердің бірі, облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Әкімшілік бірлік  ретінде Павлодар облысының құрамында 1928 жылы құрылған.

 

Аудан 1959 жылға дейін  Павлодар облысының  құрамында болған, 1997 жылдан бастап  Шығыс Қазақстан облысының құрамында.

Петр I кезінде орыс мемлекеттің XVIII  ғасырдың басында Шығыс жағынан  экономикалық  және саяси  байланыстарын қуаттандырып,  тарихтан  белгілі. 1714 жылы Ертісте бекіністен, форпустан және редуттардан тұратын  нығайтылған желісінен құрылған  болатын. 1718 жылы Ертісте  Семей  бекінісі  салынған. Осы уақытта  қазіргі  Бесқарағай ауданының  аумағында форпостлар пайда болды: Семияр, Долон; редуттар – Грачи, Известк, Черемуха  забоха  және басқа да Ертіс бойымен нығайттылды. Бесқарағай ауданы – бұл Семей Ертіс  өңірі. Ол бұрыңғы арғын  және уақ  руынан  орта жүздің қазақ – көшпенді жерлерінде орналасқан.  

Аумағы

Аудан көлімі – 1140924 гектар
Ауданның әкімшілік орталығы – Бесқарағай ауылы
10 ауылдық округттерге бөлінеді :
– Бесқарағай ауылдық округі,
– Баскөл ауылдық округі,
– Беген ауылдық округі,
– Долон ауылдық округі,
– Канонерка ауылдық округі,
– К-Владимировка ауылдық округі,
– Ерназар ауылдық округі,
– Қарабас ауылдық округі,
– Жетіжар  ауылдық округі,
– Глуховка ауылдык округі.

Шекаралар

Бесқарағай ауданы қазіргі уақытта солтүстіктен Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Михайловка және Угловский аудандарымен, шекараның ұзындағы – 89 щақырым, батыстан Павлодар облысы Лебяжі ауданы, оңтүстік – батыстан Қазақстан Республикасының Курчатов қаласымен және оңтүстік – шығыстан – Семей қаласымен шекаралас.

Расстояние от с. Бескарагай до г. Усть-Каменогорска – 300 км; до г. Семей – 70 км; Астаны – 900 км; Алматы – 1100 км.

Халқы

2017 жылғы 1 желтоқсан күніне оперативтік мәліметтері бойынша аудан халқының саны 19094 адамды құрады.

Инфраструктура

Бесқарағай ауданының аумағында:

1. 21 жалпы білім беретін мектептер, оның ішінде 3 негізгі және 18 орта мектепт жұмыс істейді.

Мектеп бойынша оқушылар  саны 3066 баланы құрайды. 

Мектеп атаулары:

«Үлкен-Владимировка орта мектебі» КММ
«Борас орта мектебі-бақша» КММ
«Башкөл орта мектебі» КММ
«Березовка орта мектебі» КММ
«Беген орта мектебі» КММ
«Бөдене орта мектебі» КММ
«Долон орта мектебі» КММ
«Глуховка орта мектебі» КММ
«Канонерка орта мектебі» КММ
«Кривинка орта мектебі» КММ
«Қоянбай орта мектебі» КММ
«Кіші-Владимировка орта мектебі» КММ
«Мостик орта мектебі» КММ
«Н.Баймұратов атындағы орта мектеп» КММ
«Семеновка орта мектебі» КММ
«Семияр орта мектебі» КММ
«Сосновка орта мектебі» КММ
«Өндіріс орта мектебі» КММ
«Белокаменка  негізгі мектебі» КММ
«Жыланды  негізгі мектебі» КММ

«Қара-Мырза негізгі мектебі» КММ

Орталық операционалдық учаскесі, 10 ауылдық пошта байланысының бөлімшелері бар Бесқарағай пошта байланыс торабы жұмыс істейді.

Өндіріс

Аудан экономикасында негізгі үлесі агроөнеркәсіп кешенінде жатады.

         2017 жылғы ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 16 373,5 млрд.теңгені құрайды, физикалық көлем индексі 102,3 %, сонымен қатар мал шаруашылығы  10 274,4  млн. теңге немесе 103 %, өсімдік шаруашылығы 6 099,1 млн. теңге немесе 102 %.

        Ет 8 089,2 тонна немесе 103,2%, сүт 52 420,3 тонна немесе 103,1%, жұмыртқа 4 млн. дана немесе 100,1 % өндірілуі күтілуде.

          Ірі қара мал басының саны 34,3 мың басты немесе 100,5% құрайды, қой- ешкі  46,7 мың бас немесе 100,6% құрайды, жылқы 9,9 мың бас немесе 100,8% құрайды, шошқалар 878 бас немесе 101,5 %, құстар 56,4 мың бас немесе 104,7% құрайды.

          2017 жылы мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 174 - тен 278-ге өсті.

          Тұқым жаңалау жұмыстарымен ауданның 64 шаруа қожалығы айналысады, оларда 5 007 бас аналық, тұқым жаңалау жұмысында малдың үлесі 27,1%.

          Ет бағытындағы  қазақтың ақ бас асыл тұқымды ІҚМ Республикалық палатаның мүшесі 6 шаруа қожалығы болып табылады, олар «Лана» ш/қ (1133 бас), «Мукинов» ш/қ (590 бас), «Азамат» ш/қ (279 бас), «Дулат» ш/қ (160 бас), «Саттаров» ш/қ (297 бас), «Бестерек» ш/қ (681 бас).

«Каликанулы» шаруа қожалығы даланың қызыл ала асыл тұқымды мал өсіруші Республикалық палатаның мүшесі болып табылады.

          Ауданда 4 СТФ бар ( Балке - 420, Каликанулы - 320, Саят - 250, Бекарыс - 110) олардын ішінде 3 ( «Балке» ш/қ,  «Бекарыс» ф/қ,  «Каликанулы» ш/қ ) СТФ  қайта жарақтандыру құрылы бойынша облыстык бағдарламаға қатысты.

          «Балке» ш/қ 500 сауын сиырға арналған СТФ қайта құру, бүгінгі күнге СТФ 420 сауын сиыры бар.

           Ферманың құрылыс- монтаждау жұмыстары толық орындалған, СТФ сауын құрылғыларын жинақтау үшін  шаруа қожалығының басшысы Тоқашев О. Н. «Параллель»  байланбай ұстайтын сауын құрылғысын құру жоспарлануда. Бұл жоба 2018 жылға көшірумен.

          «Бестерек» ф/қ 100 басқа арналған СТФ құрлысы. Құрылыс жұмыстары 100%  аяқталды. Жоспар бойынша аналық малдың саны 100 басқа жеткізіледі.

          Ауданда 2 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді ( «Бекарыс» ф/қ және «Балыкбаев Н.А.» ф/қ). СҚП сүтті іске асыру көлемі бойынша жеткізілген жоспар- тапсырма  102%- ға орындалды, бұл 540 тонна жоспардың 550,9 тоннаны құрады, («Бекарыс» ф/қ – 274,4 тонна, «Балыкбаев» ф/қ - 276,5 тонна).

          2018 жылы  3 СҚП «Ерназар» АШК (43 қатысушы), «Карабас» АШК (24 қатысушы), «Балапан» (50 қатысушы) ашылу жоспарлануда.

          2017 жылы ШҚО «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ  Бірлік бағдарламасы бойынша «Балықбаев Н. А.» 17,0 млн. теңгеге 53 бас ІҚМ алды, «Іскер» бағдарламасы бойынша «Балыкбаев Н.А.» фермер шаруашылығы  көктемгі егістік жұмыстарына 3,0 млн. теңге, «Айгерим» шаруа қожалығымен 33,5 млн. теңгеге 586 ІҚМ және 36 жылқы сатып алынды.

Жер ресурстары

Ауыл шаруашылығы белгісіндегі жерлер – 440100 гектар;
Елді мекендердегі жерлер – 182200 гектар;
Өнеркәсіп жерлері – 3 199 гектар;
Ерекше қорғалатын табиғат аумағының жерлері – 392 364 гектар;
Су қорының жерлері – 5 702 гектар;
Қор жиналған жерлер – 117400 гектар;
Семей қаласында пайдаланған жерлері – 481 гектар.

Еңбек ресурстары

Еңбектің тиянақталған нарығында жұмыссыздардың саны 79 адамды (2016 жылдың сәйкес аралығының деңгейінде 94,5 пайызды) құрады. Белсенді экономикалық халқының саны тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,8 пайызды құрады. 249 жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1301 адам өтініш білдіріп, оның ішінде 1082 жұмыссыз жұмысқа орналасты. Ақылы-қоғамдық жұмыстарға 226 жұмыссыз жіберілді.
Статистикалық мәлімет белсенді экономикалық халық санынан 9184 немесе халқының жалпы санынан 60,1 пайызды құрайды.
Жұмыспен қамтылғандар – 8760 немесе халқының жалпы санынан 43,5 пайыз.
Жұмыссыздар – 424 адам (4,6 пайыз).

Кадрлар әлеуеті

2017 -2018 оқу жылына аудан аумағында ШҚО ББ « Бесқарағайлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді, келесі мамандықтары бойынша оқыту жүргізілуде:
1) «Ара өсіруші»-0
2) «Тігінші» -0
3) «Аспазшы» - 19 адам;
4) «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы –машинист»-44
5) « Машина және механизмдерді жөндеу эксплуатациялау мастер» - 18 адам;
6) «Жүргізуші» - 0

7) «Даяшы»-0
8) «Модельер – пішуші»-0

9) «Көлікті жөндеу шебері» -0

10) «Бухгалтер»-0

11) « Сатушы»-0

12) «Орманшы»- 87
2016-2017 оқу жылдары  бойынша түлектер саны 32 адамды құрады. 2017-2018 оқу жылына контингент 168 адам.

Инвестициялық әлеует

2017 жылғы 11 ай ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9968,6 млн. теңгені құрады,  олардың 825,0 млн. теңге  меншікті  қаражат.

Құны 5400 млн. теңге болатын халықаралық компаниясы «Long Xin» ЖШС-нің ауылшаруашылық  дақылдарын өндіру зауытының және сүт-тауарлы фермасының құрылысы іске асырылуда.

 2018- 2020 жылдарғы инвестиция тарту мақсатында ауданда келесі жобалар іске асырылуы жоспарлануда:   

1.  Құны 3,0 млрд. теңге болатын «600 бас ірі қара малға СТФ құрылысы» «Бесқарағай агро» ЖШС жобасы;

2. Құны 1,5 млрд. теңге болатын «600 бас ірі қара малға СТФ құрылысы» «Технология комфорт» ЖШС.

3. Құны 50,0 млн. Теңге болатын «Бестерек» (Анаев С.) фермерлік шаруашылығы бағасында СТФ қайта жаңарту мен жұмылдыру жобасы.

 

Ауданда «Бекарыс» шаруа қожалығының және «Балыкпаев Н.А.» фермерлік шаруашылығының базасында 2 сүт қабылдау пункті ашылды.

Сонымен қатар,  «Қарабас», «Балапан» ауыл шаруашылығы кооперативтерінің базасында ағымды жылы 2 сүт қабылдау пунктін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

Бүгінгі күнге Бесқарағай ауданы  бойынша қажеттілік талап етуде, олар:
1) мұғалімдер (химия) – 1 бірлік; мұғалімдер (ағылшын тілі) – 5 бірлік, мұғалім (математика) – 4 бірлік.

2) Ауданның шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлеріне:

Автомобиль жүргізушісі – 23 бірлік;

Тракторшы – 24 бірлік;

Машиналармен махенизмдерді пайдалану және жөндеу бойынша шебер – 25 бірлік;

Мамандар (педагогикалық және заңгерліқ білімімен) – 2 бірлік.

3) 1. «Баскөл   ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас  маманы (бала күтімі бойынша демалыс)  (Санаты E-G-3) - 1 бірлік;

2. «Қарабас ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің әкімі (Санаты E-R-1) - 1 бірлік;

3. «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас  маманы (Санаты E-R-4) - 1 бірлік;

4. «Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (Санаты E-R-4) - 1 бірлік;

5. «Баскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (бала күтімі бойынша демалыс) (Санаты E-G-4) - 1 бірлік;

6. Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мониторингілеу және ақпараттық технология бөлімінің басшысы (Санаты Е-3) - 1 бірлік;

7. Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының  мемлекеттік қызмет көрсету мониторингілеу және ақпараттық технология бөлімінің бас маманы (Санаты Е-4) - 1 бірлік;

8. «Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (Санаты E-R-5) - 1 бірлік;

9. «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (Санаты E-R-5) - 1 бірлік.

Туристік әлеует

Бесқарағай ауданында туристік саланы дамыту үшін жағдайлар жасалған.

Ауданда белсенді, экологиялық және жағажай туризмі дамуда. Аудан аумағында белдеулі орманы орналасқан, Ертіс өзені ағып өтеді, емдік қасиеті мол  Шошқалы көлі бар, оның  адамдардың денсаулығын нығайту мен дем алулары үшін  туристерді қызықтыратын емдік балшық қасиеті бай.

 Көлдің жағалауында адамдардың демалуына 3 қонақ үйі, 1  құрамалы үйі  және 2 киіз үйі орналасқан. 

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Белуха» қоғамдық  жастар бірлестігімен жыл сайын  әр түрлі туристік іс- шаралар өткізіледі.     

Ішкі туризмді дамыту шеңберінде 2015 жылдан бастап  Баскөл ауылдық округінде «Семей орманы» МТОР ММ Бұқабай филиалымен бірлесіп қарағайлы орман   ішінде  демалыс орыны ұйымдастырылды. Осы жер адамдарға  дем алу үшін ыңғайлы. Ағымды жыл ішінде  300-ден  аса адам демалды.

 «Семей Орманы» МТОР РММ аумағында Ертіс өзенінің бойында орналасқан «Святой ключ» экологиялық соқпақ жолы жұмыс істейді.  Экотуризмнің аймағы 10 шақырым аумақты қамтыған.  Сопақ жолының түрі бойынша-  жаяу жүру. Сопақ жолының маусымды жұмыстары маусым айының басынан қазан айына дейін жұмыс істейді. 

Бесқарағай ауданының аумағы бойынша «Осмк-Майқапшағай» республикалық трассасы өтеді, трасса бойында 4 АҚС, 7- жол бойындағы кафе, 1 қонақ үй орналасқан. 

Қазіргі уақытта ауданда 3 қонақ үй және 1 демалу базасы жұмыс істейді. 2017 жылғы 3 тоқсан ішіндегі көрсетілген қызмет көлемі 3083,0 мың теңгені құрады, 315 адамға қызмет көрсетілді, 595  төсек орыны ұсынылды.

Ауданда туристік саланы дамыту мақсатында Глуховка ауылдық округінің  аумағында  «Қожегелді»  сауықтыру – емдеу кешені  және «Жаңа ауыл» киіз үй құрылысы жобасын  іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

Осы бағытта Глуховка ауылдық округінің Старая крепость ауылында «Елимай» демалу базасы жұмыс істеуде. «Елимай» демалу базасы ашылғаннан бері 10 мыңнан астам туристер демалды.