• Мобильді үстемені жүктеу

География

Аудан аумағының жер бедерінің негізгі бөлігі таулы (Ақшатау, Тарбағатай жоталары), оңтүстік бөлігі төбелі жазықтар.Климаты шұғыл континентті, қысы суық, жазы ыстық, орташа температурасы қаңтардың орташа температурасы -17-19 градус, шілдеде 20-22 градус ыстық.Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-400 мм. Қазан айының соңына қарай қар жауады, сәуір айына дейін жатады.Ауданда мынадай өзендер ағып өтеді: Аягөз, Қарасу және т.б. Аягөз өзені Тарбағатай жотасының бөктерінен бастау алады, Балхаш өзеніне құяды.Өзеннің ұзындығы-492 км., су жинау алабы 15,7 мың км 2. Ірі салалары: Балықты, Нарын, Батпақты, Айғыз, Құрайлы, Таңсық және т.б. Қар суымен қоректенеді. Топырақ жамылғысы сортаң .Өсімдік дүниесі-бетеге, ермен, көкпек, алабота, қияқ, қамыс, ши. Жануарлар дүниесі- арқар, борсық, қоян, сарышұнақ, суыр т.б.

Тарих

Аягөз ауданының тарихы 18 ғасырдың ортасынан басталады. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы кескілескен шайқастары Аягөз ауданының аумағында – Жоңғар мен Қазақ хандығының шекарасында болып өтті. Солардың ішіндегі ең ірісі - 1718 жылы көктемде болған Аягөз шайқасы.1754 жылы Мамырсу деген жерде Абылай ханмен Қытай мемлекеті арасында бейбітшілік бітімгершілікке қол қойылды.

Аудан аумағынан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты аудан Аягөз атанған. (Аягөз түріктің «ай», «огыз» -өзен деген ежелгі түрік сөзінен «айдай өзен» деген ұғымды береді. Халық арасында өзен мен аудан атауы түріктің «ая» -әдемі, «гөз» - көз деген сөзінен шыққан деседі. Осыған байланысты бірнеше деректер бар.

1822 жылы Сібір қырғыздары туралы Жарғы шығып, 7 ішкі округ құрылды: Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті.

1830 жылы Аягөз сыртқы округы белгіленіп, бір жылдан кейін Аягөзді сырттан басқару бұйрығы жарық көрді.

1831 жылы – Аягөз станицасының негізі қаланып, орыстардың Жетісу бойындағы алғашқы тірек бекеті пайда болы.

1854 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамында Семей облысы құрылды.

1928 жылы – Аягөз ауданы құрылды.

1932 жылы - Аягөз ауданы жаңадан құрылған Алматы облысының құрамына енді.

1938 жылы 4 ақпанда Қазақ ССР Орталық Атқару комитеті Президиумының Қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы болып екіге бөлінді, ал 1939 жылы 14 қазанда орталығы Семей қаласы болып, Семей облысы Шығыс.

Қазақстаннан бөлініп шықты. Шығыс Қазақстанның облыс орталығы Өскемен қаласына ауысты.

1939 жылы - Аягөз ауданы жаңадан ұйымдастырылған Семей облысының құрамына енді.

1997 жылдың мамыр айында Семей облысының таратылуына байланысты Аягөз ауданы (оның құрамына таратылған Шұбартау ауданы) Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.

Аягөз ауданы – ақындар елі, батырлар мекені. Мұнда Абай Құнанбайұлының, Шоқан Шыңғысұлының П. Семенов- ТяньШанскийдің, Г. Потаниннің, А. Янушкевичтің ізі қалған.

Аягөз ауданы - Шығыс Қазақстанның оңтүстік орталығы десе де болғандай. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіштер бар. Олардың ішіндегі ең үлкені халықтық архитектура үлгісінде салынған әлемге әйгілі Қозы Көрпеш - Баян Сұлу кесенесі. Қазақстандағы ең биік саздан жасалған кесене - Балтабек қажы мен Барақ сұлтанға арналған кесенелер.

Аумағы

Ауданның аумағы - 49,5 мың шаршы км. Әкімшілік орталығы–Аягөз қаласы.

Ауданда 1 кенттік, 21 ауылдық округтер бар.

 Ақтоғай, Ақшатау, Ақши, Айғыз, Баршатас, Бидайық, Байқошқар, Емелтау, Майлин, Мамырсу, Мыңбұлақ, Малгелді, Нарын, Қарағаш, Қопа, Қосағаш, Өркен, Сарыарқа, Тарбағатай, Тарлаулы.

Шекаралар

Аудан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік –батысында орналасқан. Батысында Қаорағанды, оңтүстігінде- Алматы облыстарымен, солтүстігінде-Шығыс Қазақстан облысының Абай және Жарма аудандарымен, шығысында- Шығыс Қазақстан облысының Үржар және Тарбағатай аудандарымен шектеседі.

Қалалардың аудан орталығынан ара қашықтығы:

Өскемен-330 км

Семей-350 км

Астана-905 км

Алматы-785 км

Халқы

2017 жылдың 1 желтоқсандағы  статистикалық мәлімет бойынша ауданының тұрғындар саны- 73038 адам.

Экономикалықбелсенді халық-  32109 адам.

Жұмыспен қамтылған халық-30475 адам.

Жұмыссыздар саны -1634 адам.

 

Инфраструктура

Білім беру. Қазіргі кезде орта білім беру жүйесінде мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп - 40 және 10 балабақша бар.Оның 35 орта мектеп және 5-і шағынкомплектілі мектеп, онда 12514 оқушы білім алуда. Барлық мектептер компьютер құралдарымен жабдықталған.

«№ 1 аралас жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
«Дулат Бабатайұлы атындағы орта мектеп »КММ
«№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«№4 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«№5 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«№6 жалпы орта білім беретін мектеп және мектепалды интернаты »КММ
««№7 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Кешірім Бозтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Көпсалалы қазақ мектеп гимназия»КММ
«Қазақ мектеп-лицей» КММ
«Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Мұқатай Абеулов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Т.Есімжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Горный жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
«Т.Көбдіков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Е.Рахмадиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Айғыз жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«С.Нұғыманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«А.Көшкімбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Ақши жалпы орта білім беретін мектебі »КММ
«Ақшәулі № 1 жалпы орта білім беретін мектебі »КММ
«Ақтоғай жалпы орта білім беретін мектебі »КММ
«№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп »КММ
«С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Ж.Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Шыңғожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Б.Майлин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Мыңбұлақ жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Қ.Қадыржанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Сары арқа жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
№ 3 Ескенебұлақ
Орақ-Балға
Ақкілет
Малтүгел.

Денсаулық сақтау. 

2016 жылы ауданның халқына түрлі медициналық көмектер көрсетілді. Аурудың алдын алу шаралары жасалды. 18 дербес отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар жұмыс істейді. 27 медициналық пункттар, 4 аурухана бар. 2016 жылдың 1 қаңтарына медициналық мекемелерде  155 дәрігер, 516 кіші дәрігерлік персонал істейді.

Мәдениет.

 Ауданның бұрыннан бері қалыптасқан мәдениетін сақтау шаралары жасалды. 46 ауылдық мәдениет ошақтары жандандырылды: 23 мәдениет үйі және 23 кітапхананың материалды-техникалық базасы жаңартылды.

Өндіріс

Ауданның экономикасында негізгі рөл атқаратын өнеркәсіп өнімдері.

2017 жылдың қаңтар-қарашасында өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 62358,0 млн.теңге құрады, 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 258,7%  (2016 ж – 24102,1 млн.теңге). Нақты көлем индексі 179,7%. Оның ішінде тау-кен өндірісі  34340,5 млн.теңге, 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты  28,7 есе артты ( 2016 ж- 1196,3 млн.теңге),  өндеу өнеркәсібі 27227,0 млн.теңге, 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты  123,4% ( 2016 ж- 22068,8 млн.теңген) құрады. 

Еңбек ресурстары

Облыстың статистикалық басқармасының халыққа ішінара жүргізген эксперттік бақылаулары негізінде Аягөз ауданында экономикалық белсенді халық 36120 адам , жұмыспен қамтылған халық – 34425 адам кел- сараптамалық сарапшылықтың тексеру нәтижесінде, жұмыссыздар - 1695 адам. Жұмыссыздықтың деңгейін ауданның 4,7 % келді.  Жыл басынан бері 664 адам жұмысқа орналастырылды. 570 жаңа жұмыс орындары ашылды 2016 халықты жұмыспен қамту үшін бюджеттен 46,8 млн теңге бөлініп, 2016 жылдың 8 айында 30,8 млн теңге игерілді. 345 адам –жалақы төлентін қоғамдық жұмысқа тартылып, оған  - 20,8 млн  теңге төленді. Кәсіптік оқытуға125 адам жіберіліп, жергілікті бюджеттен- 9 055,4 мың теңге төленді, жастар іс тәжірибесіне 7 адам жіберіліп, 670,0 мың теңге төленді, әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам жіберіліп, 300,0 мың теңге төленді. 01.09.2016 жылы есепте тұрған жұмыссыздар саны 352, тіркелген жұмыссыздар -1,0 пайыз.

Кадрлар әлеуеті

Ауданның аумағында "Аягозский политехникалық колледж" КММ жұмыс істеп нешіншіде жүргіз- тәлім-тәрбие ша мамандықтарға:
техник-бағдарламашылар - 24;
электромеханиктер - 19;
механиктер - 31;
есепші және экономистер- 26;
машинистің көмекшілері - 23;
 теміржол құрамының жөндеу слесары - 11;
жихаз шебері - 13;
электргаз дәнекерлеушілер - 21

Инвестициялық әлеует

2017 жылдың қаңтар-қарашасында  негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі  37740,9 млн.теңге құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 29,4% (2016 ж- 128445,6 млн.теңге). Оның ішінде бюджеттік инвестициялар  4323,2 млн.теңге,   26372,5 млн.теңге меншікті қаражат, 7045,2 млн.теңге басқа да қарыз қаражаты. 

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

Қазіргі кезде ауданға қажетті кадрларда:
- техник-құрылысшылар- 3 бірлік;
- автослесарь - 3 бірлік;
- электрик 5санат - 3 бірлік;

  • Краншы – 10 бірлік
  • Слесарь -8 бірлік.

Электргаз дәнекерлеуші -10 бірлік.

Туристік әлеует

- Аягөз ауданының жер көлемі 49558,03 шаршы километр. Аягөз ауданы облыстың оңтүстік жағында орналасып, 1936 жылы құрылған. Климаты –шұғыл континенталдық. Ауданда 21 селолық, 1 кенттік округі бар. Батыста – Қарағанды облысымен, оңтүстікте-Алматы облысымен, солтүстікте–Абай, Жарма аудандарымен, шығыста – Ұржар және Тарбағатай аудандарымен шекараласады. Аудан орталығы Аягөз қаласы арқылы Алматы (Түркістан-Сібір) магистралді темір жолы өтеді. Солтүстікке қарай Ресей, Семей, және Өскемен қалаларымен, ал оңтүстікке қарай Талдықорған, Алматы қалаларына, Қырғыстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республикасына қатынасуға болады және Республикалық маңызды автожолдар Алматы — Өскемен, Қарағанды — Аягөз — Боғаз. Қала үстінде бірнеше халықаралық әуе жолдарының қиылысы орналасқан.

- Қаланың қазіргі атауы ауданнан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты қойылған. Ғалымдардың пікірінше өзеннің аты түркілердің ай тайпасының атауы мен түркіше "өгөз" «өзен», яғни «ай руының өзені» дегеннен пайда болған; ал халықта түркіше ая — «әдемі» және гөз/көз — «көз» деген нұсқа кең таралған.

        Ауданда алғашқы болып ашылған «Ұлы Керуен» туристік фирмасының жұмысы қарқынды түрде дамып келеді. Турагенттік салада қызмет көрсетіп отырған фирманың мүмкіндіктері үлкен үміт артады. «Ұлы Керуен» туристік фирмасы оқушыларды-тұрғындарды Алматы, Астана қалаларына экскурсиялық турларына апарадыі. Қытай Халық Республикасына  туристік сапарлар жасайды.

      Аягөз қаласында орналасқан туристік объектілер, келетін туристерге жатын орынмен қамтамасыз етеді. Олар «Аягөз» қонақ үйі, ішінде 23 бөлме - 1000-2500 тг. Мекен жайы: Аягөз қ., Дүйсенов көш. №55, тел. 8(72237) 3-26-77, «Біржан» қонақ үйі - 15 бөлме -1000-4000 тг. Мекен жайы: Аягөз қ., Тәңірбергенов көш. №35, тел. 8(72237)3-33-44, «Алихан» қонақ үйі – 5 бөлме – 3000-8000тг. Мекен жайы: Аягөз қ., Абай булвары, 47.

- Жер көлемі жағынан республика бойынша үшінші алып аудан саналатын Аягөз аймағы кендігімен ғана емес түрлі жәдігер ескерткіштер мен тарих таңбаларына бай өлке. Арысынан бастасақ ертеңгі күні үлкен өндіріс орталығы болады деп отырған Ақтоғай Таңсық аймағында мәңгілік махаббаттың символы болып Қозы Көрпеш - Баян сұлу мазары Таңсық (Тарлаулы) ауылынан 13 км жерде орналасқан.

Одан бері Ақшатау жерінде ұрпағы құрметпен еске алып жатқан ақын Дулат Бабатайұлы Ақшатау ауылынан 15 км жерде жатыр. Шұбартау өңіріне шықсаңыз ел ішіне айтулы аңызбен қалған әулие қыз зиратына тәу етіп, бес түрлі дәм мен қасиетке ие бұлақтардан шипа тауын қайтасыз. Ол аз десеңіз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елі мен жерін қорғаған Шақантай батыр мазарына барыңыз. Шұбартау өңірінде аудан орталығынан 150 км қашықтықта Қосағаш ауылынан орналасқан.

Ал ұрпағынан он жеті ақын тараған сыбан жангөбектен шыққан Байғара бимен әділдіктің ақ туын желбіреткен Ақтайлақ бабаларымыз жатқан Сарыарқа ауылы да түрлі тарих сырларын бауырына басып жатыр, аудан орталығынан 78 км қашықтықта Сарыарқа ауылынан 5-7 км жерде орналасқан.

Әріп Тәңірбергенүлы мазары аудан орталығынан 65 км қашықтықта Жарма ауданы мен Майлин ауылдық округінің жерінде орналасқан.

Шыңғожа батыр, Әріп ақын, айтулы тұлғалар жатқан Аягөз өңірінде туристік орталық ашу, тоғыз жолдың торабы шежірелі өлке де бабалар басына апарып, аталарының айтулы ерлігін болашақ ұрпаққа паш ету бір қазақ үшін ғана емес әлем халықтарының зор қызығушылығын тудыратын бастама болмақ.