• Мобильді үстемені жүктеу

География

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы – Семей қаласынан оңтүстік батысқа қарай Шыңғыстаудың бөктерінде орналасқан. Ауданның батысы мен солтүстігі ұсақ шоқылы жазық. Оңтүстігінде Шыңғыстау жоталары жатыр. Климаты қатал.

central_square anet_baba

Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қар қарашадан наурызға дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы 14,2º С; шілдеде – 20,7º С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-300 мм. Шаған, Ащы су, Қарауыл, Құндызды, Шет, Мұқыр сияқты өзендер бар.

Тарих

Абай ауданы 1928 жылы құрылды.
Абай ауданының тарихы ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғынан басталады. Ауданның алғашқы ірге тасы 1927 жылы қаланып, оған Бұғылы, Шаған, Шыңғыс, Қызыладыр, Мұқыр болыстары біріктіріліп, 1928 жылдың қаңтар айында Заңды күшіне еніп Шыңғыстау ауданы деп аталған.
1928 жылы аудан орталығы Ақтанбұлақ елді-мекенінен тоғыз жолдың торабы болып есептелетін, құрылыс салуға, мал өсіруге қолайлы жер – Қарауыл ауылына көшірілген.
1930 жылдың қараша айынан бастап Шыңғыстау ауданы Голощекин ауданы болып ауыстырылып, осы жылдың желтоқсанында ауданға бұрынғы атауы қайтарылады.
1939 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамында болған Шыңғыстау ауданы Семей облысының құрамына кіреді.
1940 жылдың 5 қазанында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша қазақтың басақыны Абай Құнанбаевтың 95 жасқа толу мерейтойына орай Шыңғыстау ауданы Абай ауданы болып өзгертіледі.
1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енген.
Аудан Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік батысына орналасқан. Аумағы – 20 мың шаршы км. Ауданның әкімшілік орталығы – Қарауыл селосы. Құрамында 9 ауылдық округ бар: Қарауыл, Архат, Көкбай, Құндызды, Саржал, Тоқтамыс. Аудан экономикасының негізгі бағыты – мал шаруашылығы.
Абай ауданы Шығыс Қазақстанның рухани астанасы, ұлылыр мекені.
Абай – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Осы жерде ұлы Абайдың шығармашылығына арналған республикалық Абай оқулары, көрмелер, шолулар, оқырмандар конференциясы өткізіліп, Абай әндері шырқалады.

Аумағы

Ауданның жалпы аумағы 20 мың шаршы шақырым.
Аудан орталығы-Қарауыл ауылы.
9 ауылдық округке бөлінеді:
– Қарауыл,
– Архат,
– Көкбай,
– Құндызды,
– Саржал,
– Тоқтамыс,
– Медеу,
– Кеңгірбай би,
– Қасқабұлақ.

Шекаралар

Абай ауданы Аягөз, Жарма аудандарымен және Семей қаласымен шекаралас.
Облыс орталығы Өскемен қаласы – 400 км,
Семей қаласы – 200 км,
Астана – 1000 км,
Алматы – 1000 км ара қашықтықта орналасқан.

Халқы

Ауданда халық саны 15358 адам. (2016 жылдың 1 жартыжылдығы).
2009 жылдың халық санағы бойынша халық саны  15258 адамды құрады.

Инфраструктура

Қазіргі кезде орта білім беру жүйесінде мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп - 11 және 4 мемлекеттік балабақша, 1 жеке меншік балабақша бар. Оның 4 орта мектеп, 1 негізгі орта мектеп және 6-і шағын комплектілі мектеп, онда 2587 оқушы білім алуда.   Ауданда 6 «Казпочта» АҚ бөлімшесі жұмыс атқарады және Қазақстан халықтық банкінің филиалы жұмыс істейді. Ауданда барлығы 19 мадени мекемелер, оның  2 мәдениет үйі, 7 клуб, 9 кітапхана және 1 тарихи өлкетану музейі бар. 5 музей жұмыс жасайды, олар Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының құрамына кіреді. 1 спорттық комплекс және 12 спорттық залдар жұмыс атқарады. 9 ауылдық округтер жасанды футбол алаңдарымен қамтамасыз етілген. Аудан толығымен медициналық жүйемен қамтылған. 1 аурухана мекемесі және 8 дәрігерлік амбулатория жұмыс істеп тұр. Халыққа алғашқы көмекті көрстуге 11 медициналық пункті бар.

Өндіріс

Ауданның экономикасыда негізгі рөлді ауылшаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы атқарады. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларына ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі  4,478,2 млн.тенгені құрады, физикалық көлемнің  индексі -113,7 пайызды құрады. Аудан бойынша тіркелген мал басы: мүйізді ірі қара 68679 бас, Ұсақ  мал   343857 бас, жылқы 42195 бас. 3 шаруа қожалығы  асыл тұқымды ірі қара малдарын өсірумен шұғылданады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен 17 шаруа қожалығы тіркелген. Асыл тұқымды қой шаруашылығының мәртебесін  алуға  Республикалық  Палатамен  жұмыс жасауда. Аудан бойынша 9  шағын мал бордақылау алаңдары жұмыс жасап тұр. 

Жер ресурстары

Ауыл шаруашылығы белгісіндегі жерлер –         1920975 гектар;
Елді мекендердегі жерлер –                                     175241 гектар;
Өнеркәсіп жерлері –                                                     2000 гектар;
Ерекше қорғалатын табиғат аумағының жерлері –   6400 гектар;
Қор жиналған жерлер –                                            847873 гектар;

Еңбек ресурстары

01 қантар 2016 жылы жұмыссыздар саны 40 адам, жұмысқа орналасқаны 357 адамды құрады. 2016 жылдың 01 қыркүйегі бойынша  жұмыссыздар саны 55 адам, 2015 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9 адамға төмен. Аудан бойынша әртүрлі салаларға жұмысқа орналасқаны 225 адам. Тіркелген жұмыссыздар санының 0,7% құрайды.
 Жіберілді:
      – жастар іс-тәжірибесіне орналасуға жоспар бойынша 35 адам, 30 адам жіберілді;
      – әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жоспар бойынша 23 адам, жұмысқа жіберу жоспарланған, 31 адам жұмысқа жіберілді;

      – ақылы қоғамдық жұмысқа жоспар бойынша 250 адам жоспарланған, 166 адам жұмысқа жіберілді;

      – кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша жоспар бойынша 22 адам оқыту қажет, 20 адам оқытылды;

      – жаңа жұмыс орындары бойынша 55 орын қаралып, 61 орын ашылды.

Кадрлар әлеуеті

 Ауданда 1 коммуналдық мемлекеттік мекеме «Абай колледжі» бар. Онда 7 топ бойынша  140 студент төмендегідей мамандықтар бойынша білім алуда:
1) Тракторист-машинист –     18;
2) Пісіруші –дәнекерлеуші -  40;
3) Жөндеуші слесарь –           17;
4) Дәнекерлеуші –                   13; 
5) Ветеринар –                         25;

6) Құрылысшы –                      25;

7) тракторист –                          7;

8)(электр-газ)дәнекерлеуші –  5;  

Инвестициялық әлеует

2016 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға түскен инвестиция көлемі 852,4 млн теңгені құрады.

     Аудан бойынша «Бизестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 85 млн. теңгеге 7 инвестициялық жоба іске асты. Инвестициялық жобалардың іске асуы және дамуы «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», «Агро бизнес 2020»  мемлекеттік бағдарламалардан несие және қайта қаржыландыруға байланысты. Абай ауданы бойынша 2015 жылы «Бөрлі тау кен компаниясы» ЖШС-нің  «Мақсұт» кен орынында кен байыту цехының құрлысын салу жобасы үдемелі индустриялық-инновациялық жобалар қатарына енгізілді. Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 24 км жерге  35 кВ электр желісі тартылып, кен байыту цехының құрылысы аяқталды. Бүгінгі күні 97 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Кәсіпорын  өндірістік-тәжірибе түрінде жұмысқа кірісті. Аудан бойынша 924 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде: 488 шаруа қожалығы, 230 оңайлатылған декларация бойынша, 177 патент негізінде, 29 заңды тұлға ретінде тіркелген. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 1452 адам. Ауданда 91 сауда дүкені, 16 қоғамдық тамақтандыру орындарымен (асхана, дәмхана, мейрамхана), 80 қызмет көрсету орындары, 8 жанар жағар май құю станциясы, 4 дәріхана, 21 шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

-математика пәнінің мұғалімі – 3 бірлік;

-химия пәнінің мұғалімі – 1 бірлік;

-технология пәнінің мұғалімі – 1 бірлік;

-информатика пәнінің мұғалімі – 1 бірлік;

- инженерлер-құрылысшылар- 1 бірлік;
- инженерлер-құрастырушылар - 1 бірлік;
- краншылар - 1 бірлік;
- экскаваторшылар - 1 бірлік;
- автоэлектриктер - 1 бірлік;
- ұсталар - 1 бірлік;
- дәрігерлер-2 бірлік;

Туристік әлеует

Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық Абай мұражай –қорығы. Оның құрамына Семей қаласындағы Абай әдеби мұражайы және Ахмет-Риза медресесі Бөрлі елді мекеніндегі М.Әуезов мұражайы, Көкбай ауылдық округі Тақыр қыстағындағы Көкбай Жанатаев мұражайы, Құндызды ауылындағы Шәкер Әбенов мұражайы және ШҚО Ұржар ауданында орналасқан Әсет Найманбаев мұражайы кіреді. Абай ауданындағы қорықтың жалпы көлемі 6400 га. Оған 16 нысан кіреді. Негізгілері: Жидебайдағы «Абайдың мұражай үйі», «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, Абай-Шәкәрім кесенесі, Оспан көлі, Кеңгірбай би кесенесі және т.б. Бүгінде Пушкин Россия үшін қаншалықты қымбат болса, Абай да Қазақстан үшін сондай ұлы тұлға, ұлттық мақатанышымыз. Бұнда жылда Республикалық Абай оқулары өтеді. Абай оқуларында Республиканың барлық облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан келген жас таланттар Абай-Шәкәрім шығармаларын мәнерлеп айтудан әндерін орындаудан және өз шығармашылықтары бойынша сайысқа түседі. Сонымен қатар Абай шығармашылығына арналған конференциялар, әдеби кездесулер, көрмелер өткізіледі. Аудан халқы өзінің даңқты жерлестерінің рухани мұрасына үлкен сүйіспеншілікпен, зор құрметпен қарайды, оқып үйренеді және ерекше қастарлейді.
Аудан аумағында әйгілі Қоңыр әулие үңгірі бар.
Тақыр елді мекенінде орналасқан Көкбай Жанатаевтың медресе-мұражайы Абай мемлекеттік мұражай – қорығының филиалы болып саналады. Экспозиция 1997 жылы ашылған. 2011 жылы ақынның 150 жылдық мерей тойына орай ақынның медресесі мен мұражай жаңадан өңделіп жаңартылды. Мұражайға келушілер ақынның өмірі мен шығармашылығымен және ағартушылық қызметімен толық таныса алады. Көкбай Жанатаев- ұлы Абайдың шәкірті, оның әдеби дәстүрін жалғастырушысы. Ол 1861 жылы Семей уезі, Мұқыр болысындағы Тақыр елді мекенінде дүниеге келген.
2006 жылы Ұлы ақын Ұлы Абайдың шәкірті Шәкәрімнің 150 жылдығына орай мұражай экспозициясы ашылды. Қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейін аса көрнекті орын алатын ұлы ақын, жазушы, философ, тарихшы, сазгер Шәкәрімнің еңбектері дүниеден өткен соң жарты ғасыр бойы жалған жала кесірінен жарыққа шықпады. Шәкәрім 1858 жылы 24 шілдеде Шыңғыстау бөктері Құндызды елді мекенінде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Абайдың ағасы болған. әкесінен ерте айырылған Шәкәрім Абайдың тәрбиесінде өседі. Абайдың тәрбиесі мен өнегесі Шәкәрімнің әдебиетке деген құштарлығын оятты, кейіннен үлкен ақын болып қалыптасуына ерекше ықпал етеді. Арнаулы оқу орнынын бітірмесе де Шәкәрім Абайдың басшылығымен өз бетімен ізденіп, аса білімді, оқымысты философ дәрежесіне жетеді.
Ш.Әбеновтың мұражай үйі Құндызды ауылында 2003 жылы ашылған. Мұражай іргесі 1962 жылы салынған, ақын тұрған үйде ашылған. Бұл үйде Шәкір Әбенов 1994 ж дейін, өмірінің соңына дейін тұрған. 2003 жылы ақын тұрған үйге реставрация жүргізіліп, қайта жаңартылып мұражай болып құрылды. Мұражайда ақынның жеке заттары, пайдаланылған мүліктері мен қолжазбалары мен кітаптары толық сақталған. Мұражай экспозициясы ақынның есімін әйгілі еткен атақты «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасын көрсетумен басталады.