• Мобильді үстемені жүктеу

География

Семей ШҚО-дағы аймақтағы 2-ші ірі қала болып есептеледі. Ол Ертістің екі жақ жағалауында орналасқан. Аумағы – ауылдық округтерді қосқанда 27,5 мың кв км. Облыс орталығы Өскемен қаласына дейінгі аралық 240 км Гринвичтан шығысқа қарай 40км, Семей қаласының батысынан Дегелен тауларына қарай қиылысатын сызықтар 500с.к. және 800 ш.ұ. болатын Евразия суперконтинентінің Географиялық орталығы болып анықталды.

center_square island_polkovnichiy

Аймақтың климатына материкке мұхиттан географиялық жағдайдың ерекше әсері бар.
Географиялық жағдайы континеттік және дымқылдану дәрежесінің айырмашылықтары, жыл мезгілдеріне байланысты температураның өзгеруі, климаттың әр түрлі көптеген типтері арқылы ерекшеленеді. Климаттың күрт континеттілігі жылдық және тәуліктік температураның үлкен амплитудасымен түсіндіріледі. Қыста -450, ал жазда +450. Қала тұрғындарының саны 300 мың адамнан асады.
Батыс аймақтық құрылыс материалдар ресурсы жеткілікті. Суықбұлақ ауылынан Семейдің оңтүстігіне қарай жоғары сапалы мәрмәр шығатын орын, Ауылдың солтүстігінен гипстің шығатын бай орны бар. Құрылыс және декаротивтік тастардың, шыны құмдардың, батпақтардың алуан түрлері бар. Цемент өнімдерінің графит және асбесттің, фарфор фаянс өнімдерінің орындары бар.
Батыс аймақтық жылу энергетикалық ресурстары негізінен Ертіс, Шүлбі және Тарбағатайдан келетін көптеген ұсақ өзендер энергия ресурстары негізінде іске асады.
Батыс аймағының аумағында химиялық өнімдердің аздаған орындары кездеседі (ас тұзы, мирабилит т.б.).
Көл ресурстарына әр түрлі дәрежедегі тұзды сулар, балықтар, су қойнауларының маңындағы өсімдіктер, емдік батпақтар, көл құмдары түріндегі құрылыс материалдары, қиыршық тастар және т.б. жатады.
Аймақ ормандарының маңызы зор, олар мемлекеттік бақылауда. Қарағайлы орман Ертіс өзенін бойлай Шыңғыстауға дейін созылған, жабайы алма өскінділері Тарбағатайға дейін.
Батыс аймағының жануарлар әлемі ресурсы спорттық, кәсіптік аулау мен балық аулаудың негізгі көрінісі болып табылады.
Жер қыртысы ресурсы ауыл шаруашылығының дамуыда үлкен рөл атқарады (Белағаш даласы). Аймақтың көптеген аумағы әр түрлі мезгілде жайылым ретінде пайдаланылады.
Осылайша Батыс аймағы табиғи табиғат ресурстары және пайдалы қазбалардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Тарих

Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр 1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П. Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді».
Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияҚты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды. Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.1858 жылы 1854 жылы құрылған көлемді Семей облысында – 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейеде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғарғы Ертісте су арқылы қатынастың ресми ашылуы болды.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда Семей облысында өнімді алғаш өңдеу өнеркәсібі құрылды. ХХ ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын алтын медальға бітіріп, содан соң Томскінің технологиялық институтын бітірді. Мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев оқыды. Семейде 5 жылдан артық (1854-1859) орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды: «Записки из мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели». Осында Ф.М. Достоевский П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Шоқан Уәлиханов, Г. Потаниндермен кездесті. Семейге Петербург университетінің студенті Е.П.Михаэлис саяси жер аударылып келді, Н. Долгополов, С. Гросс, П. Лобановский, А. Леонтьев, Н. Коншин және басқалары. Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді.Е.П.Михаэлис, Н.Долгополов жєне С.Гросс сияҚты азаматтар қазақтың ұлы ағартушысы Абай (Ибраћим) Құнанбаевпен достық қарым-қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті. Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын өте жетік біліп, қазақтың салт-дәстүрлері, көне заңдары, генеалогиясы, аңыздары және этнографиялық терминологиясы жөнінде үлкен жалпыхалықтық беделге ие болды.1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси жер аударылып келген Е.П.Михаэлис. Ол сондай-ақ Семейде 1883 жылы қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін қорушылардың бірі болды. Семей География қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесі Орыс География қоғамының филиалы болып құрылған, бірақ жұмысты өз бетімен дербес атқарды. Семей бөлімшесінің белсенді қайраткерлері ағайынды В.Н. Белослюдов және А.Н. Белослюдовтар болды. Алғашқысы суретші-этнограф болып көптеген суреттер салды. Олар қазір Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы кітапханасының қорында қолжазба төрінде сақталған. Ал екіншісі қазақ фольклорының шығармаларын жинады. А.Н. Белослюдовтың жинаған қазақ ертегілері басқа фольклорлық деректер сияқты бөлімшенің «Жазбахатында» жарияланды. Г.Д. Гребеншиковтың еңбек жолы мен әдеби қызметі Семейде басталды. Семейде Г.Н. Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Айқап» журналының бағытына жақын апта сайын шығатын «Сары-арқа» өнқағазы шыға бастады. «Сары-арқа» өнқағазының редакторлары Р. Марсеков пен К. Ғаббасовтар болды. Оның беттерінде Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Ермековтың, М. Молдыбаевтың, Ж. Ақпаевтың мақалалары және басқа да Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланды. 1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды. Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды. Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық труппа құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса БайзаҚов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М. Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М. Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.

Аумағы

2 780 675 га.

Шекаралар

Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Ұлан, Абай аудандарымен, Қарағанды және Павлодар облыстарымен;
Семей – Өскемен – 198-220 км;
Семей – Астана – 900 км;
Семей – Алматы – 1100-1200 км.

Халқы

2017 жылдың 1 қазанына халық саны – 343 556 адам,
соның ішінде ерлер – 161 892,
әйелдер – 184 664.

2017жылдың1қаңтарынажұмыссыздар саны – 8893

Инфраструктура

65 орта мектеп, 41 мектепке дейінгі ұйымдар, 4 жоғары оқу орны, 28 орта оқу орындар жұмыс істейді.

Өндіріс

Қаланың әкімшілік аумағында тас көмірдің, құрамында алтыны бар және полиметалдық руда, сондай-ақ мәрмәрдың, граниттің, габбро және өзге руда емес пайдалы қазбалардың біршама кеніштері орын алған.
Өнеркәсіп кәсіпорындары негізгі төрт салаларға жатады:
– Тау-кен өнеркәсібі;
– Өңдеу өнеркәсібі;
– Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау;
– Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылау.
Қаланың тау-кен өнеркәсібі көмір қазу бойынша «Қаражыра ЛТД» ЖШС, құрамында алтыны бар руда қазатын «ФИК «Алел» АҚ, «Данк» ЖШС, «Жерек» ЖШС, марганец рудасын қазатын «ТЭМК» АҚ сияқты кәсіпорындармен ұсынылған. Көмірдің баланстық қорлары өңірдің тұрғындар мен энергия тұтынушыларын көмірмен тұрақты қамтамасыз етудің жақсы келешегін тудырады.
Өңдеу өнеркәсібін келесі салалар қамтиды:
– Металлургиялық өнеркәсіп алтын қазу кешені кәсіпорындарымен ұсынылған: «Данк» ЖШС, «ФИК «Алел» АҚ, «Жерек» ЖШС, олар құрамында алтыны бар руданы өңдеумен және алтын өндірісімен айналысады;
– Қаланың машина жасау кешені мынайдай «Семей машина жасау зауыты» және «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамдары, «СемАз» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, «Ибраев +К» ӨК, «EAST INDUSTRI COMPANI LTD» ЖШС, «Казахкабель» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «Металлист» ЖШС, «Семей метиз зауыты» ЖШС сынды және өзге кәсіпорындармен ұсынылған;
– Өзге металл емес минералды өнім өндірісінде (құрылыс материалдары) қаланың ірі және орта кәсіпорындары негізінен жергілікті шикізатпен жұмыс істейді, олар «Семей цемент зауыты», «Силикат», «Семей асбестцемент бұйымдары зауыты», «ПОСЖБ», «ALINA PRO», «Эскор» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Олардың өнімдерін ПЦ 400-ДО, ПЦ500-ДО, ПЦ 400-Д20, ПЦ400-ДО-Н маркалы портландцемент, қатардағы, түрлі түсті қаптағыш және декоративті силикат кірпіші, құрылысқа арналған кесек, ұнтақталған және ыдысталған әк, құрғақ қалау қоспалары, асбестцементті бұйымдар (шифер), жаяу жол тақтасы, құм-шатыр черепица, бетон және темірбетонды бұйымдар, әртүрлі бағыттағы құрылыс қоспалары және өзгелері құрайд;
– Жиһаздан өзге ағаш бұйымдары өндірісімен «Жаңа Семей шпал зауыты» АҚ айналысады, олар сіңірілген шпалдар, телеграфты бақандар, көпір брусы, темір жолға арналған қардан қорғайтын шиттер және өзгелерін шығарады;
– Қағаз және қағаз өнімі өндірісінде ірі өндіруші болып «Казполиграф» ЖШС табылады, оның өнімі кең танылған, олар-гофрленген картон, гофрлі картоннан жасалған жәшіктер, пленка материалынан жасалған орағыш материал, тамақ өнімдеріне арналған сурет салынған полимерлі материалмен қапталған қағаздар, пленка негізінде көпқабатты және құрама материалдар, қағаздар мен фольгалар, сүт, сүт өнімдері және шырындарға арналған суреті бар құрама материалдардан жасалған пачкалар;
– Жеңіл өнеркәсіп (тоқыма бұйымдары, киімдер, былғары өндірісі, былғарыдан жасалған бұйымдар және аяқ-киім бойынша ішкі салалалары) «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС (былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар, тон-тері бұйымдары өндірісі), «Роза-ВВК» ЖШС (пима, киіздің әртүрлі түрлері), «Семспецснаб» ЖШС (тігін және тон-тері бұйымдары), «Семей аяқ-киім фабрикасы» ЖШС (табиғи былғарыдан жасалған аяқ-киім) сынды кәсіпорындармен қамтылған.
Өңірді электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында: электр энергиясын – «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС және «ВК РЭК» АҚ СФ, жылуэнергиясын – «Теплокоммунэнерго» МҚК, газды – «Аманат Газ» ЖШС және «Ертістрансгаз» ЖШС өндірумен және таратумен айналысады.
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылау саласында сумен жабдықтау және таратумен «Семей су каналы» МҚК айналысады.

Жер ресурстары

Семей қаласының аумағы 2018 жылдың 1 қаңтары жағдайына 2780,7 мың га, құрайды, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінің ауданы 999,6 мың га, ол барлық ауданның 36 % құрайды, оның ішінде 11,7 мың га жыртылған жерлер ауылшаруашылық жерлерінің 1,2% құрайды, 6,1 мың га тыңайған жерлер ол ауылшаруашылық жерлерінің 0,6% құрайды.

Еңбек ресурстары

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың        2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы және Өңірлерді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі тиімді шешілуде.

2017 жылы еңбек делдалдығына 15723 адам өтініш білдірді, бұл 2016 жылға қарағанда 1,8 есеге көп (8629 адам).

2017 жылдың 31 желтоқсанына еңбек нарығында белгіленген жұмыссыздар саны 1221 адамды құрады. Экономикалық белсенді халықтың санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,7 %  құрады.

Экономика саласында 3860 жұмыс орны құрылды, сонымен қатар өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша – 2137 жұмыс орны немесе жоспардың 101,5 %  (2105).

Еңбек нарығына қажеттілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіби курстарына мамандықтарға жоспарда 1422 адам бола тұра, 1697 адам жолданды.

Шағын несиелендіру мәселесі бойынша 166 адам өтініш білдірді, олардың   69 – жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге және 97- өз ісін ашуға, сонымен қоса 56 – ауылдық елді мекендерден.

115 жолдама берілді, оның 43 – өз ісін ашуға, 72 – жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге арналған. Соның ішінде, 111 жолдама – екінші деңгейлі банктермен және 4 жолдама – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, соның қатарында «КТ» Абай Агро» - КХ «Баршатас» ЖШС, «Қали», «Достық» СПК және «КТ» Урджар Агро»  ЖШС - «Мұсайынов Ш. С.» ЖК арқылы берілді.

Өтініш білдірген 166 адамның 140 кәсіпкерліктің негіздеріне оқытудан өтті.

7824 қатысушыға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, соның ішінде 6306 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына бір жылға 359 адам жұмысқа орналасты, жоспарда 280 адам. Жастар тәжірибесіне жоғары оқу орындарының 709 түлектері қатысты, жоспарда 555 адам. Қоғамдық жұмыс орындарына 450 адам жолданды, жоспарда 450 адам.

Приречный ауылдық округінің Мұздыбай ауылындағы 10 екі пәтерлі жеке тұрғын үйлері құрылысы аяқталды. Бағдарламаның барлық қатысушылары «Мұздыбай - 1» ШҚ тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Оралмандарды қабылдау өңірлік квотасына енгізу бойынша комиссия кеңесінің шешімдері және Халықты жұмыспен қамту орталығының бұйрықтарымен 9 этникалық қазақ отбасына және олардың 32 адамнан тұратын отбасы мүшелеріне көшуге 2,5 млн. теңге сомада қаржы төленді. Тұрғын үйді ұстауға (жалға) жалдау бойынша шығындардың орнын толтыруға және коммуналдық қызметтерді төлеуге оралмандардың 7 отбасына  1,5 млн. теңге сомаға қаржы төленді.

Есептік кезеңге аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 0,1 % төмендеді және 1685 адамды құрады (01.01.2017 жылға – 1687 адам). 

Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 9,4 % (2016 жылы – 628 адам, 2017 жылы – 687 адам), сонымен қоса тұрғын үй көмегін алушылар саны 6,8 %  (2016 жылы – 2069 отбасы, 2017 жылы – 2209 отбасы) және балалар жәрдемақысын алушылар 23,1 % (2016 жылы – 1653 бала, 2017 жылы – 2035 бала) артты.  

Кадрлар әлеуеті

Техникалық
Электржабдықтау (сала бойынша) – 228
Дәнекерлеу ісі – 143

Автокөліктердің техникалық қызмет көрсетуі және эксплуатациясы – 39
Жол – құрылыс машиналарының техникалық эсплуатациясы – 223
Ішкі сантехникалық жабдықтар, вентеляция және инженерлік жүйелердің орнату және эсплуатациясы (түрлер бойынша) – 53
Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар (түрлер бойынша) – 62

Т/жол жылжымалы құрамының эсплуатациясы, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.(түрлер бойынша) – 37

Су көлігінің эсплуатациясы (сала бойынша) – 28

Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету  – 87
Автокөліктерінің тасымалдауын ұйымдастыру және басқару – 69
Оптикалық және электронды жабдықтау – 20
Радиоэлектроника және байланыс (сала бойынша) – 50
Медициналық техниканы орнату, және жөндеу – 63
Жол қозғалысын ұйымдастыру – 279
Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау –252
Пайдалы қазбалардың барлау техникасы және технологиясы –208
Геодезия және картография – 457
Гидрогеология және инженерлік геология – 108
Пайдалы қазбалардың барлау және геофизикалық әдістерді іздеу –101
Табиғи ресурстардың экология және рационалды қолдану жер қойнау саласында – 52
Көлік жөндеу темір ұстасы – 68
Құрылысшы техник, тасшы, штукатур – 272
Техник-сантехник – 53
Газбен қамту жүйелердің орнату және эксплуатациясы – 40
Техник-құрылысшы, өндірістік оқыту маманы – 16
Жол–құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (бульдозер машинасы) – 223

Есеп техникасы және программалық қамтамасыз ету – 730
Орман шаруашылығы және ландшафттық құрылыс – 65
Аңшылық және аң шаруашылығы – 25
Технология–сервистік
Шаштараз өнері – 108
Дизайн – 73
Тамақтандыру өнімдердің технлогиясы және өндіріс ұйымдастыруы – 68
Модельер құрылымдаушы, техник-технолог – 123
Бейнелеу өнері және сызу – 25

Тері және тон өнімдерінің өндіріс технологиясы – 16
Ет өнеркәсіп, тамақтандыру және сауда кәсіпорындарды жабдықтау – 42
Нан пісіру, түтік кеспе және кондитерлік өндіріс – 15
Ет және ет өнімдердің өндірісі – 16
Механикалық өндеу, бақылау-өлшеу жабдықтары – 37
Ветеринария – 95
Қонақ үй шаруашылығының қызметін ұйымдастыру – 31
Тамақтануды ұйымдастыру – 528

Гуманитарлық–экономикалық
Құқықтану – 234
Есеп және аудит – 256
Бағалау (салалар және қолдану аясы бойынша) –14

Іс жүргізу және мұрағаттану – 22
Қаржы – 297

Ақпараттық жүйе –130

Туризм – 6

Бастауыш білім беру (салалар бойынша) – 338

Дене шынықтыру және спорт – 315

Мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу – 201

Орта білім беру (Салалар бойынша) – 98

Кітапхана ісі – 35

Режисерлік – 17

Музыкалық эстрада өнері және сазгерлікпен ойнау – 137

Әлеуметтік жұмыс – 68

Хордағы дерижерлік – 47

Кәсіпқой оқыту -97

Ақпараттық жүйе – 130

Құқық қорғау құзіреті – 99

ТЖ ісі – 199

Өрт сөндіру  - 347

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - 315

Маркетинг (салалар бойынша) – 18

Менеджмент  (салалар бойынша) – 36

Медициналық мамандықтар

Лечебное дело (салалар бойынша) – 938

Медбике ісі – 1761

Стомотология (ортамедиялық) – 111

Фармация - 395

Инвестициялық әлеует

Қазіргі таңда Семей қаласында инвестиция тартуды қажет ететін келесі жобалар бар:

-        «ПожБарьер» ЖШС «Өрт сөндіру құрылғысын өндіруді ұйымдастыру» құны 986,0 млн. теңге;

-        «Бельсан и К» ЖШС «Жүнді бастапқы өңдеу фабрикасының құрылысы жобасы Қазақстанның Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында  биязы және қылшық жүнді қойларды өсіру жолымен шикізат базасын құру» құны 21,0 млн. АҚШ доллар;

-        Цикалов Константин Борисович «Семей қаласында бекіре фермасын құру» құны 21,0 млн. теңге;

 

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

Семей қаласы бойынша еңбек ресурстарына ай сайынғы қажеттілік 7000-ға тарта жұмыс орындарын құрайды.

Туристік әлеует

Туристік кешен – ол бүгінгі күні экономиканың бірден-бір болашағы зор секторы болып табылады. Туризм - рекреациондық, танымдық және емдік қызметтер атқарады. Осындай қызметтерімен Семей өңірі табиғи-мәдени мұраларға бай, бұл жерден танымдық, ғылыми және этникалық туризмге арналған объектілерді тамашалуға болады. Негізінен қызғушылық тудыратын сәулет және тарихи ескерткіштері бар: мұнда Абайдың білім алған үйі, Ахмет Ризаның медресесі, Ямышев қақпасы, Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, тарихи- өлкетану мұражайының ғимараты (губернатор үйі), бір мұнаралы мешіт, екі мұнаралы мешіт, Абайдың Республикалық әдеби-мемориалдық мұражайы, Абай атындағы театр ғимараты, Тыныбай Каукенов мешіті және Воскресенский қорғаны.
90 метрлік пилонымен Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің орасан зор силуэті және «Сильнее смерти» Семей ядролық полигонының құрбандарына ескерткіш Монументі – бұлар Семейдің қазіргі заманғы символдарына айналып отыр.
Қаладан тыс жерлерге экскурсиялық бағыттар әзірленіп және олар қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр: «Абай – қазақ жерінің ақыны», «Дарындылар отанына», «Аттила және Шыңғысхан жолдарымен Еуразия кіндігіне», АБАЙ-ШӘКӘРІМ» мемориалдық кешеніне келіп, одан әрі екі ғашық «ЕҢЛІК –КЕБЕК» ақ мәр-мәр тастан жасалған қазіргі заманғы ескерткіші, Бөрлі ауылында М.О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайы және географиялық Еуразия кіндігі. Саяхат бағыттары қазақтың ұлттық мәдениетінің түп тамарын ашады, қазақ әдебиетінің ғұламасы – Абайдың, атақты философ Шәкірімнің, біздің заманымыздағы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың өмірлері мен шығармашылықтары жайлы айтылады, мұнда тіпті Еуразиялық континенттің географиялық кіндігін білдіретін символикалық белгісін көруге болады, аты аңызға айналған Аттила мен Шыңғысханның батысқа жүріп өткен жерлері.
Туризмді дамыту үшін демалыс базаларының құрылысына, жаңа туристік бағыттарды игеруге, республикалық және халықаралық туристік көрмелерге қатысуға және қазіргі заманғы инфрақұрылымды құруға қаржылық қолдау керек.
Туризмді дамыту бойынша негізгі бағыттары:
– мәдениетті;
– тарихи;
– экскурсиялық;
– жағажай демалысы.
– сауықтыру
Өңірдегі ішкі туризмді дамыту үшін қаралатын: қала кәсіпкерлерінің туристік демалыс базаларын дамытуына, жаңа туристік бағыттар әзірлеуіне жәрдемдесу; Семей өңірінің туристік әлеуеті туралы ақпараттық – жарнамалық материалдарды дайындау; Жағымды имиджбен қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің сауда және туристік қызметін реттеу жөнінде Комитеті анықтаған, көптеген халықаралық көрмелерге қатысу, жоғары сапалы полиграфиялық материалдарды, қаланың туристк әлеуетінің салтанатты ашылу бағдарламасынан СD–дискілерін плакаттар мен буклеттерді және т.б. шығару арқылы туристік әлеуеті туралы шетелдік клиенттерге және халықаралық туристік ұйымдарға ақпарат беру.
Туризмді келешекте дамыту халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес автомобиль жолдарының жағдайын жақсатруға, сервиске тиісті желілерді: қонақ үйлерді, мотелдерді, тез тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын және басқа объектілерін құруға жәрдемдесу қажет.
Халықаралық және облыс ішіндегі авиарейстерді дамыту шаралары бойынша туристік бағыттар қалпына келтіріледі және өңірлік туристік кластерге қаланың туристік фирмалары қатысады.
Белсенді туризмнің дамуы және белсенді турларды әзірлеуде, бәрінен бұрын туристердің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы мақсатта міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілік келісім-шартына отыруға бақылау жүргізіледі, сондай-ақ қаланың бір жоғары оқу орнынан және екі колледжінен туризм факультеті ашылды, ол жерде туризм саласындағы кәсіби кадрларды даярлайтын болады.
Келешекте қажетті:
– эксплуатациялық еңбегі мақсатында адамдарды тасуға жол бермеу үшін тұрғындармен ағартушылық жұмыс жүргізу;
– қауіпсіздік мәселесі жөнінде елдерге жол жүру туралы туристік ұйымдарға хабарлау.
Семей өңірінің туристік имиджін жоғарлатуға, туристік қызметтің халықаралық нарығында отандық тауарларды алға тартуға, ішкі байланысты кеңейтуге, тиісті туристік қызмет көрсету құрамын және деңгейін құруға жәрдемдесетін тапсырманың орындалуы. Ақырында жол жүру және ішкі туризмнің кеңеюі, қала бюджетін толтыруға, Семей өңіріндегі ауылдардағы және алыс жатқан аудандардағы жұмыссыздықты жою мәселесін шешуге және тұрғындардың әлеуметтік–экономикалық жағдайын жақсартуға әкеледі.
Маркетингпен қамтамасыз ету және жергілікті туристік азық-түлікті алға тарту мақсатында туризм саласындағы жергілікті атқарушы органдар туристік фирмалармен бірге Берлин, Москва, Новосибирск, Алматы, Астана, Мадрид, Лондон қалаларында болған көрмелерге қатысты.
Семейдің туристік фирмалары демалыс және емдеу бойынша қызметтерді Ертіс бойындағы «Строитель» профилакториінде, «Боровлянка» қарағайлы орманда, Шүлбі жағалауындағы Шүлбі су қоймасында, сондай-ақ Алакөл көлінде демалысты өткізуді ұйымдастыра алады. Туристер үшін Еуразия континентінің географиялық орталығына апаратын қызықты туристік бағыттар ұсынылады. Бұл бағыттар тағдырдың жазуымен атақты Шыңғысханның ордасы мен Абай Құнанбайұлының қорық-мұражайының көрші келуі таң қаларлық құбылыс. Көк аспанға бой тартқан Абай мен Шәкәрімнің күмбезді мазарлары, Тоқтамыс хан мен Мамай батыр мазарлары да тарихтан сыр шертеді. Амфитеатр кешенінде этнографиялық ұжымдардың тамылжыта салған әнін тыңдап, қазақтың киіз үйінде отырып әр түрлі ұлттық тағамдардан дәм татуға да мүмкіндік бар. Туристер сәйгүліктермен серуендеп, дала кемесі түйемен қыдырып, ұлттық киімдерді киіп суретке де түсе алады. Ұлттық аңшылық өнермен танысып, қазақ ұлтының атты спорт ойындарына қатысып, өз бақтарын сынауларына мүмкіндік бар.
Бұл бағыттардың құрамдас бөлігі «Еңлік-Кебек» ескерткіші махаббат үшін құрбан болған жастарды еске түсіреді. Абайдың асыл жарлары Ділдә мен Әйгерім мазарлары, Мұхтар Әуезовтың әдеби мемориалдық мұражайы мен оның ата – анасының мазарлары да туристер үшін қызықты болары сөзсіз. Бағыттар соңында достық пен мәдениеттер қауышуының символына арналған «Гете – Лермонтов – Абай» мемориалды кешеніне ат басын тірейміз.
Табиғаттың ерекше ілтипатпен жасалған «Қоңыр әулие» үңгірінен және адам ескерткішінен тұрады. Мұнда әлі күнге дейін толық зерттеліп болмаған жер асты көлі бар.
Семейге жақын орналасқан кеңестік ядролық сынақ полигонының орыны «Қырғи қабақ соғыстың» суық ызғарын еске түсіреді. Бұл маршрутта туристер ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткішпен, анатомиялық, тарихи-өлкетану мұражайларымен ғана танысып қоймай, ядролық сынақтардың жер – анаға салған үлкен жарасы «атом көлін» де көре алады. Семей туризм бизнесінің орталығы ретінде де өзіне жұртшылықты тартады. Туристер үшін, алдын ала келісіммен кәсіпкерлік бөлімі қаланың іскер қауымымен кездесуді ұйымдастырады, соның ішінде көмір, алтын, молибден және басқа да пайдалы қазбаларды шығаратын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен, цемент, кірпіш, шифер, кабель-желі өнімін өндіретін, тігін, тон және былғары өнімін шығаратын, аяқ-киім, жүн, ұн, құрама жем, консервілерді және азық-түліктің кең түр-түрін өндіретін кәсіпорындарымен таныстырады.
Семейде конгрестік туризм үшін барлық жағдайлар жасалған. Іскерлік кездесулерге де, конференцияларға, симпозиумдерге арналған әр түрлі залдар қандай да болсын талапқа сай. Семейді қазіргі кезде әйгілі халықаралық, республикалық спорт сайыстарын өткізу үшін жиі таңдайды.
Туристерге қала театрлары, көптеген мейрамханалар, кафе, түнгі клубтар, бильярд салондары, сауналар, қазіргі заманғы аквапарк, дамыған сауда орталықтары бар ықыластарымен қызмет етеді.
Осының барлығы сіздердің көңіліңізде біздің қаламыздың бейнесін жарқын да, сымбатты түрде сақтауыңызға көмектесетініне сенімдіміз.