• Мобильді үстемені жүктеу

География

Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан облысының батысында орналасқан. Қаланың геофизикалық координаттары СШ 50 44.3-5046,2 және ВД 7830,5-7833,7 құрайды. 11 мың гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км) кіреді. Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес, және есепке кірмейді. Климат. Курчатов қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ агроклиматты зонада ГТК 0,3-0,5 –ке тең (жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына жатады) орналасқан. Мұнда климат күрт континентті. Оған тән: көктем-жазғы мерзімде құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді болады, жазды жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін, мұнымен қоса интенсивті вегетациялану кезінде (мамыр-шілде) 90 мм-ге дейін ғана жетеді. Қар жамылғысының биіктігі көп емес, қыста ашық алаңдарда 13 см-ді құрайды. Жылдық орташа температура қалыпты және +2,4градус. Өзге жылдарда максималды температура +40-42 градус, минимальды –48,-49. Ең жылы ай-шілде, ең суық айлар- қаңтар және ақпан. Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдер, олардың күшеюі сәуір, мамыр, маусым айлары болып табылады

Radiation-Processing-Facility image-kurchatov

Қалада үш ескерткіш бар:

• Жеңіс ескерткіші

• Курчатовқа арналған ескерткіш

• Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш

Жеңіс ескеркіші 1985 жылы Павлодар қаласының сәулетшісі, 31516 ә/б әскери құрылысшылармен және 52605 ә/б әскери қызметкерлермен салынған. Ескеркіш ашылуы 1985 жылы 9 мамырда ашылды. Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш 1972 жылы салына басталған. 10 тамызда салтанатты ашылды. Сәулетшісі- Ресей Федерациясының мәдениетіне еңбегі сіңген сәулетші- Георгий Александрович Корнеев. Ескерткіш қаланы тұрғызған әскери құрылысшылар құрметіне салынған (1947-1972).

Тарих

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды.  Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы-18500км кв., периметр-600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы, 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.(ауд. «М»), «Балапан» лабораториялық -эксперименттік базасымен,пл. «№ 10», пл. « Дегелен», пл. «Ш».

Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан 130 км Семей қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді, Семей- Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып, Курчатов аталынды. Әлемге Семей-21 ретінде белгілі (пошта бөлімшесі). Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста. Өзінің тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысында қорғаныс сипаттағы күрделі мәселелер шешімімен, 1947 жылы ССРО МК және КОКП ОК қаулысымен Тау сейсмикалық бекеті (ТСБ), атомдық зарядтарды табиғи сынау үшін «905» обьектісі құрылды. ОП-2 алашқы командирі артиллерия генерал-лейтенанты Рожанович Петр Михайлович (1948 жылғы ақпан- қыркүйек).

Оны артиллерия генерал – майоры Колесников Сергей Георгиевич алмастырды. Семей сынақ полигонының соңғы командирі Коноваленко Юрий Владимирович болды. Алғашқы дайындыққа жетекшілік етуші Игрь Васильевич Курчатов болды. Әскери құрылысшылар 1947 жылы Ертіс өзенінінң жағасына (Обь өзенінің үлкен сағасы, Қазақстанның маңызды өзендерінің бірі) орналасты. Семей қаласынан шамамен 130 км, ағыстан төмен қарай тұрғын-үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, техникалық құрылғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастады. Бос орында құрылыс бастау қиынға соқты. Жеке құрам үшін шатырлы қалашық, өзен ағысына жақын жерде су ысыту үшін темір бөшкелері бар моншалар жасалды. Сонымен қатар сәскерлерге жертөлелер жасау үшін жер қазылып, фашиналар тоқылып, орманнан тіреулер алынып, жертөлелерді фашиналармен жауып, үстінен құм себілді. Офицерлер жертөлелері тақтаййшалармен жабылып, ішінен фанералармен қоршалды. Әскерлерде қыс бойына тамшылар тамып, әсіресе жылынған мезгілде тоқтамады.Отынның жеткілікті мөлшерде болмауы офицерлер үйінің қабырғаларында шық қырау қабаттарымен қапталатын. Қыс (әсіресе 1948 жылы) өте қатты болды, 40-50 градусқа дейін жететін және қол және аяқ саусақатарының үсініп, кестіру жағдайлары жиі болған. Ақпан айларының аязынан, боранынан жертөлелер есіктері жабылып қалып, көбінесе аршып алуға тура келетін. Жеке құрамға азық-түлік жеткізу үшін автожолдардың болмауынан күніне 300гр. Нан ғана жеуге рұқсат етілген.

 

Полигондағы өмір сүру жағдайы майдандағыдан кем болған жоқ: сол сияқты жертөлелер, жол қазандық азықтану, заттық, саудалық аттестаттар, жанұядан алыстатылу, қатаң жағдай режимі. Қойылған мәселелерді орындау, үлкен ерік күші, шыдамдылық, жеңімпаз елге деген сүйіспеншілік, әскери құрылысшаларға, командирлерге подполковник Барсуков В.М.,, Подполковниктер Евтиков М.А., Евдокимов А.А., Тран В.И. және басқаларына өте қысылтаяң мерзімде ,1949 жылдың шілде айына дейін ядролық қаруларды сынау құрылғылары мен объектілерін дайындауды аяқтау қажет болды. Қатарлас құрамына 2 құрылыс полкі кіретін 31516 әскери бөліміне жүктелген тұрғын қалашық құрылысы ( М алаңы) басталды. Әскери құрылысшалардың алдына заманға сай, толық ыңғайластырылған әскери қалашық салу міндеті қойылды. Бұл міндетті 53 инженерлік-құрылыс полкі орындады. Біртіндеп қалашық өсе бастады, адамдар өмірі ыңғайлана бастады. Жеке құрам жертөлелерден тұрғын үйлер мен казармаларға көшті және алғашқы құрылыс болып Ленин көшелеріндегі үйлер және ЖПО, 52605 ә-б гарнизондық штабы болды.

Полигон басшысына арналып коттедж салынды, бірақ оған бірінші жарылыста Л.П. Берия өз қорғаушыларымен қоныстанды. 1949 жылы «Офицерлер үйі» пайдалануға енгізілді. 1950 жылы –су тазалау құрылығысының барлық кешенімен су алу бекеті құрылысы аяқталды. Ең алғашқы 36 пәтерлік үйлер 1952 жылдың жазында берілді. Бұл Первомайская 32, (құрылысшылар үйі) және Молодежная,2 (Победы). Екі қабатты казарма, госпитальдің хирургиялық бөлімі1953 жылы аяқталды. Ертіс жағасындағы жағалау сатыларымен тас қалауларыман 1954 жылы құрылған. Офицерлердің жанұяларына келуге 1952-1953 жылдары ғана рұқсат етілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2-3 айға созылған үлкен бетондардан үйлер кварталдарын салу басталды. 1956-1958 жылдары гарнизонда моншалық-кір жуу комбинаты, монша, жаңа наубайхана, Универмаг салынған. 1955 жылдан бастап кең көлемде тұрғын қалашықты жасылдандыру және көркейту басталды.1960 жылы жасыл алқаптар 95 га. ауданды алды, 35 сәндік және 2 мың жеміс ағаштары сонымен қатар көптеген гүл түрлері болды. 1957 жылдың маусым айында 31516 ә/б құрамына Шаған бекетінде орналасқан (240 объект) бөлімдер кірді. Олардың құрамында 7-ші,16-шы бөлек аэродромдық-құрылыстық полктер,708 участок арнайы жұмыстар, 412 жеке монтаждау ротасы және 1008 әскери госпиталь болды. Бұл бөлімдер 1946-1947 жылдары құрылды және 1954 жылы объектіге қорғаныс құрылысының айрықша маңызды жұмыстарын орындау үшін келді. Көптеген арнайы және ұрыс кешендері салынды, ал 240 обьект ресми емес атауы «Половинкада» біздің қалашыққа кіші ағайын біздің қалашығымыздан көлемі жағынан біраз кішірек қалашық өсіп келді.

«О» алаңы

Ертістен шамамен бір жарым километрдей жерде сынақ полигонының ғылыми-тәжірибелік бөлімі (ҒТБ) салынып, қоршалды. Бұл аумаққа бірнеше қызметтік ғылыми-зерттеу лабораториялары (биологиялық, радиохимиялық, физикалық өлшеу ) ғимараттар және әскери техниканы сынау секторы, қазіргі уақытта –Радиациялық Қауіпсіздік және Экология Инсититуты салынды. «Ш» алаңы 1949-1962 ж.ж. мерзімінде атмосфералық сынақ жүргізу үшін қызмет етті. Барлығы 130 атмосфералық сынақ жүргізіліп,оның 30- жерүсті ядролық сынағы болды, кейіннен алаң ядролық физика саласының тәжірибелерін өткізуге, және әскери техникаларды сынауға пайдаланылды. Алаңда зерттеу ядролық реакторы, «Сияние» стендтік кешені, 330 орынға арналған 6 қонақ үйі, 4000 адамдық казарма орналасқан. «Балапан» алаңы Жерасты бұрғылау сынақтарын өткізуге және кәдімгі жарылғаш заттармен моделдік тәжірибе жасауды өткізуге қызмет еткен. Алаңда 131 жерасты бұрғылау сынақтары, 33 шахталық жіберу қондырмаларымен, сынауға арналған кең масштабты эксперимент өткізілген, қондырмалардың және инженерлік байланыстардың арнайы форты болды. 850 орындық 5 қонақ үйі,1100 адамдық казарма болды. 1988 жылы ССРО мен СҚШ арасындағы келісім бойынша (1974 жылғы 3 шілдедегі жерасты ядролық қаруларын сынауды шектеу туралы) бақылау жөнінде біріккен эксперимент өткізілді (ББЭ). ББЭ жерасты жарылыстарының параметрлері болды.

«№ 10» алаң

Атомдық реакторлар мен жаңа технологиялардың мемлекеттік ғылыми орталығының базалық алаңы болды. (« Луч» ғылыми-өнеркәсіптік бірлестігі). Мұнда екі зерттеу реакторлары, 3 7000 орындық қонақ үйі, 524 адамдақ казарма болды.

«Дегелен» алаңы

Жерасты штольнядағы ядролық сынақ өткізуге арналған. Барлығы 233 сынақ өткізілген. Алаң физикалық тәжірибелер өткізуге перспективалы болған. Таулы- техникалық және құрылыс-монтаждық өндірістік-техникалық базасы, 1200 орындық қонақ үйі, 1100 адамдақ казарма болды. Барлық тәжірибелік алаңдарда жауынгерлік клуб, монша, орталық жылу беру, су құбыры, су жіберу құбырлары болды. Курчатовта ғылыми-зерттеу лабораторялар, жинақталды, дәрігерлер және биологтар, математиктер мен физиктер сонымен қатар шахтақұрылысшылары өндірістікбазасы , бұрғышылар, геологиялық барлаушылар,құрылысшылар орталығы жинақталды. Бұл ағаштармен көмкерілген, фонтандары бар, бақтары, балалар алаңы, аэродром, теміржол. Автобус бекеттері бар сонымен қатар Мәдениет сарайы, музей, өзінің теледидары, газеті бар әдемі қала болған. Тәулік бойына күнімен , түнімен сынақ алаңдарымен,орталықпен байланысты ұстау және қорғау жөніндегі күзет антеннелеры, радарлық құрылғылардың айналары аспанға қарап тұратын. Бұл Әскери-өндірістік кешеннің (ӘӨК) гүлденіп келе жатқан жабық қалашығы болатын. Мұнда зерттеу және тәжірибе жасауға арналған барлық жағдай жасалды. Қалада белгілі кеңес физактері И. Курчатов, Ю. Харитон, А. Сахаров, Я. Зельдович өмір сүріп, қызмет еткен.

Оларды ядролық қарудың әкелері деп атайды. 1990 жылы қала халқа 200 мың адамда құрады. Курчатов сынаушылардың бас лабораториялық-эксперименттік базасы болып саналды. Қаланың тұрғын үй қоры 175056 кв.м, оның 69500 әскерилерге арналды. Қалада грунталған қону жолымен аэродром, 10 тонналық сүт зауыты, 143 тонналық нан зауыты, тәулік бойы өнімдер, 1150 орындық 8 мектепке дейінгі мекеме, 3000 орындық мектеп, 50 койкалы әскери госпиталь, дәрігерлік-санитарлық бөлім, «Болшевичка» тігін фабрикасының филиалы, ұсақ кәсіпорындар мен кооперативтердің бірқатары болды. Радиактивті газадардың сынақтан соң жер бетіне тастау 1989 жылғы 19 ақпандағы ядроға қарсы күшті қозғалыс «Невада- Семей» пайда болуына себеп болды.

ҚР Президентінің 29.08.1991ж. № 409 Семей полигонын жабу туралы Жарлығынан кейін қалада күрделі жағдай пайда болды. Ресей әскери бөлімдерінің полигондардан тездетіп жиналуы және дислокациялануы барлық ғылыми-өндірістік құрылым мен қаланың әлеуметтік саласын толығымен бұзылу қатеріне әкелді. Ел басшылығының Курчатов қаласы аумағында орналасқан сәйкес ғылыми ұйымдар мен объектілері және бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында ҚР ұлттық ядролық орталығын ұйымдастыру туралы шешімі ғылыми потенциалды сақтап қалуға себеп болды. ҚР ҰЯО қалада маңызды шетел инвестициясын тартуға және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізді. Полигон дамуының ғылыми-техникалық потенциалды конверсиялау және жаңа технологияларды пайдалану мақсатында 1995 жылы қазақстан-американдық «СЕМТЕХ» кәсіпорын құрылды. 1996 жылы–«КК Интерконнект» негізігі профилі электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру болып табылатын кәсіпорны құрылды. Геологиялық барлау жұмыстарымен қазақстан-американдық «ФМЛ Казахстан» кәсіпорны айналысады. ССП аумағына болашағы зор қазба байлықтары концентрациясы сипат алып келеді, бірінші кезекте, алтын мен мыс, сонымен қатар руда емес шикізаттары да байқалған. Қала аумағында «габбро» табиғи тасын қазу және өңдеу жұмыстарымен «Дегелен» кәсіпорны айналысады.

Аумағы

Курчатов қаласы 0,3-0,5-ке тең ГТК-мен Павлодар облысының қиыр оңтүстік бөлігінде Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында құрғақ агроклиматтық аумақта орналасқан. Қала ауданы – 11000 га. Әкімшілік орталығы – Курчатов қаласы. 

Шекаралар

Курчатов қаласы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында Шығыс Қазақстан облысы мен Павлодар облысының шекарасында орналасқан. Курчатов республиканың ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

Курчатов қаласынан Өскемен қаласына дейінгі қашықтық – 330 км; Семей қаласына дейін – 130 км; Астанаға дейін – 800 км; Алматыға дейін – 1100 км.

Халқы

2016 жылғы 1 қаңтар жағдайына қала халқы 12 277 адамды құрайды, 2015 жылмен салыстырғанда саны 190 адамға артты. 2016 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар -6740 адам (54,9 %), орыстар – 4922 адам (40,1 %), татарлар – 176 адам (1,43 %), немістер – 163 адам (1,33 %), украиндар – 118 адам  (0,96 %), беларустар – 28 адам (0,23 %), шешендер – 5 адам (0,04 %), әзірбайжандықтар – 16 адам (0,15 %), корейлер – 16 адам (0,13 %), ұйғырлар – 7 адам (0,07 %), өзбектер – 20 адам (0,16 %), басқа ұлттар – 62 адам (0,50%). 
            Қазіргі таңда Курчатов қаласы халқының келесі типі құрылған: 0-14 жас – 19,8%,  15-49 жас – 58,6%, 50 жастан жоғары – 12,6%. 60 жастан жоғары тұлғалар үлесі 9 %. Ерлер саны 47,9 %,  әйелдер – 52,1 % құрайды.

            2016 жылғы 1 қаңтар жағдайына қаланың экономикалық белсенді халқы 7 310 адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылған – 6 908 адам, жалдамалы жұмысшылар – 6 400 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 508 адам. 

Инфраструктура

Курчатов қаласында үш жалпы білім беретін орта мектеп өз жұмысын бастады, жалпы саны 76-сынып-комплекті - 1531 оқушы:

№ 1 жалпы орта білім беру мектебі: 29 сынып-комплект -591 оқушы:    № 2 жалпы білім беру орта мектебі: 29 сынып-комплект – 469 оқушы, №3 орта мектеп: 29 сынып-комплект - 471 оқушы, сондай-ақ 11сынып-комплект –  260 мектеп алды даярлық жастағы балалар, санының өсуі оқушылар саны 92 оқушы 1-11 сынып және  мектепалды даярлық сыныптарында 32 бала.

1 сыныпқа і 194 оқушы есептелд (9 сынып-комплект) өткен оқу жылымен салыстырғанда 16 оқушыға  ұлғайту құрады.

Сондай-ақ қалада қалалық мәдениет үйі мен кітапхана, Достық үйі, Шығармашылық үйі, балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер спорт мектебі бар. 

Өндіріс

2016 жылдын 1 тамыздағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 515,8 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 287,4 млн. теңгеге жоғары. Өсу қарқыны - 123,4 %, нақты көлем индексі – 103,3 %.

Өнеркәсіптік өңдеу өндіріс көлемі 406,6 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 64,7 млн. теңгеге өскен, өсу қарқыны – 118,9 %. нақты көлем индексі – 100,5%.

2016 жылғы 1 тамыз айында кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі 623,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 66,7 млн. теңгеге жоғары, өсу қарқыны – 112,0 %.

 Негізгі капиталдағы инвестиция 1 175,8 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 917,6 млн. теңгеге жоғары. Өсу қарқыны – 4,5 есе,нақты көлем индексі – 4,3 есе көп.

Ғимаратты және құрлымды жөңдеу жұмыстарына және құрылыс жұмыстарына кеткен қаржы – 647,5 млн. теңгені құрады, көлік,құрал-жабдықтардын барлығына – 506,9 млн. теңге, басқа да капиталды жұмыстарға және жалақыға – 21,4 млн.теңге, Шығыс Қазақстан облысы бойынша инвестицияның негізгі капиталы үлес салмағы - 0,7%. Негізгі капиталдағы инвестиция өнеркәсіп өндіруде бар жоғы– 20,3 млн. теңгені құрайды.

Негізгі капиталдағы инвестиция қаржыландыру көзі бар жоғы– 1 175,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеті – 422,7 млн. теңге, шағын бюджет– 5,1 млн. теңге, жеке қаражат – 742,8 млн. теңгені құрады.

2016 жылғы 1 тамызға тіркелген шағын бизнес кәсіпорындар саны - 88 (2015 жылы – 87), өсу қарқыны – 101,1 %, соның ішінде жұмыс істейтіні 52 (2015 жылы - 56), өсу – 92,9%; белсендісі – 39 (2015 жылы - 42) 92,9% құрайды.

Кәсіпорындармен көрсетілетін қызметтеріне тапсырыстар мен келісім-шарттардың болмауына байланысты, кейбір белсенді кәсіпорындардың әрекетсіз кәсіпорындарға көшуіне және өсу қарқынының төмендеуіне әкеліп соқтырды.

2016 жылдын 1 тамыздағы өнеркәсіп өнімінің көлемі – 2 274,2 млн теңгені құрады ( 2015 жылы – 1 995,8 млн. теңге),  өсу қарқыны - 113,9%. нақты көлем индексі – 93,1%.

Жер ресурстары

Курчатов қаласы жерлерінің аумағы елді мекен жерлерінен құрылған, жалпы ауданы 11000  га құрайды.
910 га тұрғын құрылысы алып жатыр, өндірістік құрылыс – 130 га, көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар – 109,4 га, су қоймалары мен акваториялар – 39 га, ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлер – 631 га, жалпы пайдаланылатын жерлер – 165 га, резервті және қала құрылысы қызметіне жатпайтын басқа да жерлер – 8980 га, арнайы мақсаттарға арналған жерлер – 22 га, қорғаныс қажеттіліктеріне және басқа пайдалану режімдеріне ұсынылған жерлер – 13 га.

Еңбек ресурстары

2016 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 371 жұмыссыз адам жүгінді, оның ішінде 267 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, оған мақсатты топтардың санынан 6 айға жұмыссыз азаматтар жолданатын болады. Жыл басынан 115 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Жұмысқа орналастыру деңгейін көтеру мақстанда әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылуда, 2016 жылдың 2 мамырынан бастап келесі 41 кәсіпорындарға «Қизат Серік» ЖК, «Тямуков» ЖК, «Мінатай Елсінбек» ФШ, «Әнуәр» ШҚ, «Базархан Шалқар» ЖК, «Жанбазар Ауданбек» ФШ, «Сабыр Таңгүл» ЖК, «Серік Тынысбек» ЖК, «Самғат» ШҚ, «Курчатов» ЖК  жолданды. Кәсіптік оқытуға, қайта оқытуға, біліктілігін арттыруға 32 адам келесі мамандықтарға: газбен-электрмен дәнекерлеуші, аспаз, су құбыршысы, слесарь,  көпірлі кранның машинисті, электржөндеушіге оқытылды.
Қаланың кәсіпорындарына жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында жастар іс-тәжірибесі ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 01 шілдесінен бастап 19 жас маман жолданды.
Жаңа жұмыс орнын құру бойынша жылдық жоспарлық көрсеткіш 385 орын, 2016 жылдың 01 қыркүйек жағдайында 164 жаңа жұмыс орны құрылды, оның: 69 тұрақты, 95 уақытша және мерзімдік орындар.

Халықтың экономикалық белсенді санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,5 % жұмыссызды құрайды.

Кадрлар әлеуеті

«Семей қаласының көпсалалы технологиялық колледжі» КММ филиталы.

Филиалдардың жабылуына байланысты 2013 жылдың қыркүйегінен бастап өз қызметін тоқтатты.  

Инвестициялық әлеует

Негізгі капиталға инвестиция 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларына 1 175,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 917,6 млн. теңгеге артық. Өрлеу қарқыны – 4,5 есе. НКИ – 4,3 есе. 

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімді әсер ететін инвестициялық жобаларды қалада жүзеге асыру жоспарлануда.

Олар:

1)««Казхимтехснаб».

2)«»;

3)«».

Қазіргі таңда 2 және 3 жобалар тәуелсіз сараптама жасау үшін «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ-на (әрі қарай – «ТДҰА» АҚ) жолданған.

Осы жобалар – өнімнің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін өнеркәсіптік зертеулер мен радиациялық-тігілген су сіңіргіш суперабсорбенттер өндірісін құру.

  1. Өнеркәсіптік зерттеулер аясында электрондық үдеткішті зарарсыздандыру арқылы ауылшаруашылық өнімдердің сақтау мерзімін ұзарту мүмкіндігін зерттеу, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін электронды пастерлеу бойынша технологиялық регламент әзірлеу жоспарлануда. «Радиациялық-тігілген су сіңіргіш суперабсорбенттер өндірісін құру» жобасы бойынша тәулігіне 1000 кг-ға жуық күшпен өндіріс ұйымдастыру жоспарлануда, бұл өнімнің бірінші сериялық партияларын шығаруға жеткілікті, оларды сату нәтижесінде суперабсорбентті (гидрогельді) қолдану тиімділігі жөнінде мәліметтер алынатын болады..

Алынған мәліметтер құрылғыны оңтайландыру үшін, оны ауқымдандыру мен нарық талаптарына сәйкес оңтайлы қуатқа шығу үшін падаланылатын болады.

Бизнестің жол картасы 2020. «Бизнестің жол картасы 2020»  Бағдарламасы шеңберінде Курчатов қаласының әкімдігі «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесе отырып Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша кіші және орта бизнес субъектілерін тұрақты түрде ақпараттандыруды жүргізеді. 

Әлеуетті қатысушылармен кеңестер, семинарлар, жеке консультациялар өткізіледі. Бағдарламаны жүзеге асыру туралы ақпарат қала әкімінің сайтында орналастырылған, жергілікті «Спектр Резонанс», «Курчатов көкжиегі» газеттерінде жарияланған.

Жеке іс ашу мен кеңейтуге шағын несиелер ұсыну үшін «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының екінші бағыты аясында 2016 жылы ФФПСХ арқылы 10,7 млн. теңге көлемінде 3 адамға ақшалай қаржы бөлінді. 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»  Бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары мақсатымен 2016 жылы ай сайын әкімнің www. kurchatov.vko.gov.kz  сайтына және жергілікті газеттерде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»  Бағдарламасын жүзеге асыру туралы мақалалар жарияланды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының төртінші бағыты аясында – «Кәсіпкерлік потенциалды арттыру», ағымдағы жылдың мамыр айында ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен «Бизнес-кеңесші» компоненті бойынша 2 күндізгі оқыту семинарлары өткізілді. Семинарларға қаланың әрекеттегі және әлеуетті кәсіпкерлері қатысты.

Оқу нәтижелері бойынша 30 сертификат берілді.  

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

Курчатов қаласы бойынша бүгінгі таңдағы қажеттіліктер:

1) дәрігер (офтальмолог, физиотерапевт,  нарколог, статистик, психиатр) – 6 бірлік;

2)  ӨТБ инженері – 1 бірлік;

3)  жылумен жабдықтау инженері – 1 бірлік;

4) заң кеңесшісі – 1 бірлік;

5) энергетик – 1 бірдік;

6) электротехникалық зертхананың бастығы;

7) қазандықтың бастығы.

Туристік әлеует

Курчатов қаласында спорттық-туристік бағытта жұмыс жасайтын «Скала» аула клубы әрекет етуде, оның негізгі қызмет түрі Шығыс Қазақстан аумағы бойынша велосапарларды ұйымдастыру, альпинизм, сонымен қатар әскери іс.  Клуб тәрбиеленушілері жыл ішінде облысымыздың аумағында Едрей тауларына бірнеше тәулік барысында ұзақ қашықтықтарға велосипед сапарларын жасайды. Олар Риддер қаласы тауларының Выше-Ивановский шыңын, Қарағанды облысының Ку тауларын бағындырды. Өткен жылдың қазан айында «Скала» клубының командасы Риддер қаласында альпинизм бойынша облыстық жарыста жалғыз өздері қол жетпес атымен әйгілі САВО шыңын бағындырды.
Осындай жоғары мақсаттарға жету үшін балалар күнделікті альпинизм теориясын оқиды, тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен жүйелі түрде жаттығулар жасайды. Клуб жаттығуларға қажетті альпинистік жабдықтармен және құралдармен жабдықталған.
сонымен қатар клубта патриоттық үйірмелер жұмыс жасауда. Тәрбиеленушілер жүйелі түрде пневматикалық қаруды пайдалануды, оқ атуды үйренеді және толық әскери жабдықталумен жаяу сапарларға шығады. Жыл сайын осы үйірме тәрбиеленушілері қаладағы әскери-далалық оқу-жаттығуларда нұсқаушы болады.