• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан қалаларында алғашқы «жасыл» инвестициялық жобалар іске қосылуда

Астанада Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (Министрлік) пен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» Қоры) арасындағы бұрын қол қойылған БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасының қаржылай қолдауымен энергия үнемдеу мәселелерімен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау шараларын ұсыну жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім аясында энергия үнемдеу саласындағы инвестициялық жобаларды қолдау механизмін іске асыруға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Шара аясында Министрлік негізінде осы Келісім шеңберіндегі төмен көміртекті қала жобаларын жүзеге асыруды бастайтын кәсіпкерлерге «жасыл» сертификаттарды салтанатты тапсыру өтті.

Баспасөз конференциясына ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының бағдарламалық үйлестірушісі Виктория Байғазина, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері, БҰҰДБ сарапшылары мен менеджерлері қатысты.

«Энергия үнемдеу саласындағы инвестициялық жобаларды қаржылық қолдау механизмі БҰҰ Даму бағдарламасының, Ғаламдық Экологиялық Қордың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бірлескен жобасын орындау

аясында «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының инвесторларды тарту және энергосервистік шарттар нарығын дамыту бойынша 59 қадамын жүзеге асыру мақсатында әзірленген», - деді Н. Мақажанов.

 «Коммерциялық кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру түріндегі қолдау және кепілдік ұсыну қала шаруашылығы секторларында энергия тұтынуды қысқартуға және салдары ретінде, жылыжайлық газдар эмиссиясын төмендетуге бағытталған жобаларды инвестициялық қаржыландыруды тартумен іске асыруды жоспарлайтын шағын және орта бизнес өкілдерімен жүзеге асырылады. Бұл жоба бизнесті дамытуға септігін тигізумен қатар, қоғам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қалыптастыруға бағалы үлес қосуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Д. Әбілқайыров.

В. Байғазинаның айтуынша: «Энергиялық тиімділік секторындағы ауқымды өндірістік тәжірибесі, сонымен қатар, қажетті үдерістерді сауатты ұйымдастыру, сынау және құру үшін қажетті қорлары бар мамандарды тарту энергия тұтынуды қысқарту мен жылыжайлық газдар эмиссиясын төмендетуге мүмкіндік береді және мұндай жобаларды жүзеге асырудың басты индикаторлары болып табылады».

2018 жылдың 1 тоқсанының соңында Астана қ. және Солтүстік Қазақстан облысының ғимараттарында энергия тұтынуды қысқартуға бағытталған алты жоба мақұлданды.

Жобалардың бірі – «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның аясында Министрлік ғимаратының жарықтандыруын жаңғырту жоспарлануда.

Төмен көміртекті қала жобаларын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау механизмі Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ Даму бағдарламасының/Ғаламдық экологиялық қорының «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» халықаралық жобасын жүзеге асыру аясында әзірленгенін еске сала кеткен жөн.

http://mid.gov.kz/ru/news/pervye-zelenye-investicionnye-proekty-startuyut-v-gorodah-kazahstana