• Мобильді үстемені жүктеу

Жапондық компаниялар Қазақстанға инвестициялауға қызығушылық танытуда

Астанада Жапониядағы ҚР Елшілігі мен  Kazakh Invest көмегімен Қазақстандық-жапондық бизнес-форум және экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметтің және жеке сектордың Бірлескен комиссиясының                       VII-отырысы өтуде. Форум аясында Жапонияның ең ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды деп жазады primeminister.kz.

Форумның ашылу салтанатына инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Кабикенов Жапония Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі деп атап өтті. 2015 жылдан бері екі ел арасында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді.

Жапондық компанияларды жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақыра отырып, «Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап шетелдік инвесторларға қолайлы жағдайлар туғызу арқылы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасады. Жапония Қазақстанның ең ірі инвесторларының қатарына кіреді. 2005 – 2017 жылдар аралығында Жапониядан қазақстанға құйылған тікелей инвестициялардың түсімі 5 млрд доллардан артты», — деп атап өтті Арыстан Кабикенов.

Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің халықаралық істер жөніндегі вице-министрі Тадао Янасэ жапондық компаниялардың Қазақстанға инвестициялауға қызығушылық танытып отырғандығын атап көрсетті.

Жапон-қазақ экономикалық комиссиясы төрағасының орынбасары,  «ИТОТЮ» корпорациясының кеңесшісі Тосиюки Косуги мырза олардың компаниясы Қазақстанға өнеркәсіптік жабдық, мұнай кәсіпшілігі химиясы мен талшықтар импорттайтындығын, бірақ қазіргі кезде Қазақстандағы инвестициялық орта айтарлықтай өзгеріске ұшырағандығын айтып өтті.

«Қазіргі уақытта біздің даму стратегиямызға сәйкес жаңа бастамаларды іске асыру талап етіледі. Былтырғы жылы ҚР Үкіметі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдады, келешекте біз көптеген бағыттарда екі жақты нақты қарым-қатынас орнатуды  қалар едім», — деп атап өтті.

Форумда ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Kazakh Invest Басқармасының төрағасы Сапарбек Туякбаев және «Марубэни Корпорейшн» компаниясының вице-төрағасы Ямадзоэ Сигеру Алматы қаласының қалалық көліктерін дамыту жөніндегі өзара түсіністік және жалпы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Біз қазіргі кезде Алматыда МЖӘ схемасы аясында жеңіл рельсті көлік желісінің жүйесінің құрылыс бойынша жобаны іске асыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Құрылыспен, пайдаланумен, техникалық қызмет көрсетумен және қаржыландырумен байланысты тапсырмаларды шешуден бөлек, біз ЖРК-ті қаланы жоспарлаудың құрамдас бөлігі ретінде қарай отырып, цифрлы инфрақұрылым құру бойынша жұмыстармен айналысып жатырмыз, осылайша, қала тұрғындарының жақсы өмір сүруі үшін жайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тырысамыз», — деп атап өтті Ямадзоэ Сигеру.

Сонымен қатар, «КазЦентр ЖКХ» АҚ, Mitsui&Co және Japansystem Planing арасында жылумен-сумен қамтамасыз ету жүйелерінде сынамалы жобаны жүзеге асыру жөнінде өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына, Kazakhstan Nuclear Power Plants және The Japan Atomic Power Company, Marubeni Utility Services арасында ядролық энергетика саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

1 мамырдағы ахуал бойынша Қазақстанда жапондықтардың қатысуымен 77 заңды тұлға, филиалдар және өкілдіктер тіркелген.

https://m.kapital.kz/economic/70245/yaponskie-kompanii-zainteresovany-v-investirovanii-v-kazahstan.html