• Мобильді үстемені жүктеу

А. Мамин Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларын тексерді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Павлодар және Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Орталық — Шығыс» автомобиль жолын қалпына келтіру барысын тексерді, сонымен қоса, аймақтардағы индустриялық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты.  

Бірінші Вице-Премьер Астана — Павлодар автомагистралі арқылы жүріп өтіп, «Орталық — Шығыс»  автодәлізінің құрылысымен танысты және «ҚазАвтоЖол» ҰК мен мердігерлік ұйымдары басшыларының есептерін тыңдады, автомобиль жолдарының республикалық жүйесін дамыту бойынша жиналыс өткізді.

Үш облыстағы, яғни Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 7345 км. «Орталық — Шығыс» автомобиль дәлізі бойынша 404 км. пайдалануға берілді,  жолдың 501 км. жөндеу және реконструкция жұмыстарымен қамтылды.  Жұмыстардың барлығы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді.

Сапар барысында А. Мамин жол сервисі объектілерінің жай-күйімен танысты. Қазіргі уақытта Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының  республикалық маңызы бар автожолдарының жанында  А, В, С, D санаттары бойынша жол сервистерінің 530 объектісі орналасқан, 2018 жылдың соңына дейін  тағы 16 объекті пайдалануға берілетін болады.

Асқар Мамин Астана қаласының 28 км айналма жолында орналасқан «Kazway» модульдік типті павильонында болып қайтты. Павильон заманауи желдеткіш және жылыту жүйелерімен, бейнебақылау жүйесімен, сымсыз Wi-Fi, вакуумды дәретханамен және объектідегі адамдардың жайлы және сенімді болуын қамтамасыз ететін өзге де озық технологиялармен жабдықталған.  Ағымдағы жылдың соңына дейін  Астана — Щучинск, Астана — Теміртау, Алматы — Капшағай, Бурабай айналма жолы (Бурабайға кіру), Астананың айналма жолдарында 12 модульдік павильон ашу жоспарланып отыр.

Инспекция қорытындысы бойынша А. Мамин «ҚазАвтоЖол» ҰК-ға   «Орталық — Шығыс» дәлізінің 905 км бойы қозғалыс ашуды тапсырды, жалпы жобаны 2019 жылы аяқтауға тапсырма берді.  

ҚР-ның Бірінші Вице-Премьері Бозшакөл кен-байыту комбинатында болып қайтты және мыс концентратын өндірудің технологиялық процесімен, тау-кен жұмыстарының дамуымен танысты.

«Проммашкомплект» ЖШС-да теміржол саласына арналған доңғалақ жұптарының құймасын,  бағыттамалық ауыстыруды, айқастырма және жөндеу кешендерін шығаруды көрсетті. Сонымен қоса, Бірінші Вице-Премьер «Павлодар».АЭА аумағындағы бірқатар объектілердің қызметімен танысты. 

Павлодар мұнай-химия зауытында Асқар Маминге шикі мұнайды қайта өңдеу, моторлық отын сапасын бензин бойынша К-4, дизельдік отын бойынша К-5 стандарт талаптарына сәйкес болғанға дейін жоғарылатуға қатысты өнімділіктің ұлғаюын қамтамасыз еткен кәсіпорынды жаңғырту туралы баяндады. Бұл жоба энергияны үнемдеу және экологиялық таза технологияларды енгізуге, басқаруды автоматтандыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және табиғатты қорғау шараларының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік берді.  

Бірінші Вице-Премьер Шығыс Қазақстан облысында «Семей инжиниринг» және «Семей машина жасау зауыты» АҚ қорғаныстық және азаматтық сипаттағы кәсіпорындарының жұмысымен танысты. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-ға барған кезде А. Маминге 2018 жылы кенішті байыту бойынша жаңа өндіріс іске қосылатыны жөнінде баяндады.  

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Семей қаласында жылу көздері мен жылумен қамтудың магистральді жылу жүйелерінің технологиялық жабдықтарын модернизациялау бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан РК-1 кеңейту және реконструкциялауға қатысты жұмыстардың барысымен танысты.

А. Мамин бірқатар әлеуметтік объектілерді, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынща салынған «Қарағайлы» жаңа шағын ауданын және 320 орындық балабақшаны көріп қайтты.

http://mid.gov.kz/ru/news/mamin-proinspektiroval-infrastrukturnye-i-industrialnye-proekty-pavlodarskoy-i-vostochno