• Мобильді үстемені жүктеу

Ынтымақтастық жылдарында Бүкіләлемдік банк ҚР-да 46 жобаға қолдау көрсетті

ҚР-ның Премьер-министрі, ББ және Халықаралық қаржы корпорациясы әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.  

ҚР-ның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Бүкіләлемдік банк және Халықаралық қаржы корпорациясының вице-президенттері Сирил Мюллер және Джорджина Бейкермен кездесулер өткізді.  Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

Кездесулер барысында Қазақстанның инвестициялық климатын одан әрі жақсартудың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда,  жуық арадағы бес жылға әріптестік стратегиясын дамыту, Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту, бизнес-климат пен мемлекеттік институттарды нығайту, сонымен қоса, адам капиталын елеулі күшейту мәселелері қаралды.  

Ынтымақтастық кезеңінде Бүкіләлемдік банк ҚР-ға 46 жобаны қаржыландыру үшін жалпы сомасы 8,1 млрд доллардан астам қарыз берді. Бүгінгі күні Бүкіләлемдік банк жобаларының портфелі 22 жобаны қамтиды, оның ішінде  7-еуі ағымдағы жобалар, ал 15 жоба әріптестік туралы келісімдер шеңберінде жасалған, жалпы сомасы 4,1 млрд доллар. Ағымдағы жобалар портфелі 3,2 млрд долларды құрайтын 7 жобаны қамтиды.

Өз кезегінде, Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстандағы стратегиясы  инфрақұрылымға қолжетімділікті жақсартуға, қаржы секторын күшейтуге, экономиканы әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілікке қолдау көрсетуге бағытталған. 1997-жылдан бастап корпорация ҚР-ның экономикасына  1,4 млрд доллардан астам, оның ішінде қаржы, газ, тау-кен, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік салалардағы жеке сектордың 60 жобасын іске асыруды қолдау үшін 300 млн синдикатталған заемдарға инвестиция жұмсады.

https://m.kapital.kz/economic/70004/vsemirnyj-bank-podderzhal-46-proektov-v-rk-za-gody-sotrudnichestva.html