• Мобильді үстемені жүктеу

Р.Скляр аустриялық делегациямен кездесті

ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр Венаның Экономика палатасының директоры Александр Биахпен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ «Бір белдеу – Бір жол» аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.

Роман Скляр қазіргі уақытта Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және оны халықаралық дәліздерге біріктіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқандығын және 2017 жылы Қазақстан мен Аустрия арасында транзиттік тасымалдаудың жиілегенін атап өтті.

Александр Биах аустриялық делегацияның «Хоргос – шығыс қақпалары» арнайы экономикалық аумағына және Ақтаудағы теңіз портына бару жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, аустриялық тарап тасымалдау және логистика саласында әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға, аталған салада тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға қатысуға қызығушылық танытты.

ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі екіжақты ынтымақтастықты келешекте одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/rsklyar-vstretilsya-s-avstriyskoy-delegaciey