• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері ПХЭФ-да таныстырылды

 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының 50 активі ағымдағы жылдың соңына дейін жекешелендіріледі. Бұл жөнінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған Петербург халықаралық экономикалық форумының арнайы панельдік сессиясында мәлім болды.

Дана Нуржан, Twitter@DanaNurzhan:

- Инвестициялық тартымдылық пен өсімнің жаңа әдістерін іздеу – бүгінгі күні Санкт-Петербургте жиналған инвесторлар, компания басшылары мен мемлекеттік сектор өкілдерін осы мәселе толғандырады. Бұл іскерлік шараның деңгейін басқаруындағы активтердің жалпы көлемі 13 триллион долларды құрайтын 20 елден келген әлемнің ең ірі инвестициялық қорларының 40 басшысы қатысуынан түсінуге болады.

Петербург форумының жекелеген панельдік сессиясы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 74 млрд АҚШ долларын құрайтын сомадағы Қазақстанның жоғары сапалы активтерінің ірі портфеліне ие. 2022 жылға дейін ІРО-ға Қордың құрамындағы алты компанияны шығару жоспарланып отыр. Оның үшеуі – «Қазақатомөнеркәсіп», «Эйр Астана» және «Қазақтелеком» мұны ағымдағы жылы іске асырады.

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:

 - Олардың барлығы бірігіп Қазақстан ЖІӨ-нің шамамен 40%-ін құрайды және бұл мақсаты бюджеттік қажеттіліктер емес, инвесторлардың корпоративтік басқаруын жақсарту қажеттілігі болып табылатын құрылымдық реформаларға нықтап қадам басқанын білдіреді. Шетелдік тікелей инвестициялар тарту – Қазақстанның экономикалық саясатының әлеуеті.

          Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Жақын болашақтың міндеті – біздің компаниялардың тиімділігін ұлғайту, портфельді тиімді басқару және тұрақты дамуды қамтамасыз ету және Қорды әлемнің тәуелсіз қорларының баламасы деңгейіне шығару.

Әлеуетті инвесторлар жекешелендіру бағдарламасы мен ІРО-ға, сондай-ақ, стратегиялық инвестормен жүзеге асырылатын ірі компанияларға жоғары қызығушылық танытты.Бұл энергетикалық холдинг «Самұрық-Энерго», ол Қазақстандағы электр қуатының 30%-ін шығарады және «Тау-кен Самұрық» тау-кен компаниясы. Форум алаңдарында шетелдік инвесторлармен бірнеше келісімге қол қойылды.

 

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

http://http://24.kz/ru/news/economyc/item/242480-investitsionnye-vozmozhnosti-kazakhstana-predstavleny-na-pmef