• Мобильді үстемені жүктеу

Үкімет үйінде Kazakh Invest директорлар кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен «НК «Kazakh Invest» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев 2018 жылғы жұмыстардың аралық қорытындысы туралы баяндады.

Жыл басынан бері 7,5 млрд долларға жобалар бойынша жаңа шетелдік инвесторлармен келісім жасалды. 1 млрд долларға 18 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, 4 жоба бойынша ірі шетелдік инвесторлармен құжаттарға қол қойылды. 7,1 млрд долларға 15 жобаның пысықтау басталды.

С.Тұяқбаев Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес барлық әлеуетті елдермен жұмыс реттеліп, шетелдік инвесторларды нүктелі таргеттеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сы жұмысқа Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері белсенді жұмылдырылуда.

Директорлар кеңесінің отырысы барысында, сондай-ақ, ұлттық компанияның қызметін реттейтін бірқатар ішкі құжаттар, соның ішінде, «Kazakh Invest» ҰК Стратегиясы алдағы онжылдық мерзімге мақұлданды.

http://invest.gov.kz/ru/news/v_ukimet_uii_sostoyalos_zasedanie_soveta_direktorov_kazakh_invest