• Мобильді үстемені жүктеу

2018 жылы алты қазақстандық-қытайлық инвестжоба іске қосылады

Ол инфрақұрылым, құрылыс, АӨК, машина жасау және химиялық өнеркәсіп саласындағы жобалар

Халықпен есептік кездесуде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бірлескен Қазақстан-Қытай инвестициялық жобаларының жүзеге асырылу барысы жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды Kapital.kz  іскерлік ақпарат орталығының тілшісі, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірлескен жобалар Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 7 млрд. долларға 11 жоба бойынша құрылыс жүргізілуде, оның ішінде, 6 жобаның қосылуы 2018 жылға жоспарлануда. Бұл инфрақұрылым, құрылыс, АӨК, ТКМК, машина жасау және химиялық өнеркәсіп салаларындағы жобалар. Бұл жобаларды сәтті жүзеге асыру қазақстандықтар үшін ондаған мың жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», — деді Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі уақытта бірлескен Қазақстан-Қытай инвестициялық жобаларының тізімі жалпы сомасы 27,7 млрд. долларға 51 жобаны қамтиды. Қазірдің өзінде Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында машина жасау, мұнай өңдеу, химиялық, тағам өнеркәсібі және логистика салаларында 143 млн. долларға 4 жоба іске асырылған.

Экономиканың артықшылықты секторларына инвесторлар тарту бойынша жүргізілетін жұмыс аясында, министрлік шетелдік қатысуы бар 140 жобаны қамтитын (43,8 млрд. доллар), 2018-2020 жж. арналған, жүзеге асырылатын және пысықталатын инвестициялық жобалардан портфелін жасаған.

Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет экономикаға инвестиция жұмсауды ынталандыру бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп, олар Ұлттық инвестициялық стратегияда бекітілген.

 

https://m.kapital.kz/economic/69355/shest-kazahstansko-kitajskih-investproektov-zapustyat-v-2018-godu.html