• Мобильді үстемені жүктеу

Тимур Жайықов ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары болып Тимур Жайықов тағайындалды.

Жайықов Тимур Адайұлы 1982 жылы Қарағанды облысында туған. 2005 жылы «Абылай хан» атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдады. 2010 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ гуманитарлық-заң инновация университетін, 2016 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды (Ұлыбритания). Саясат ғылымдарының кандидаты болып табылады.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы облысы Талғар ауданындағы Гүлдала ауылдық округі әкімі аппаратында маман қызметінде бастап, одан кейін Алматы облысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ұызмет істері агенттігінің басқармасында жұмыс істеді. Түрлі жылдары денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және сауда саласында қызмет атқарды.

2010 жылдан бастап ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитетінде бас сарапшы ұызметінде жұмыс атқарды.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінде инвестициялар тарту бойынша басқарма басшысының қызметінде болды.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/timur-dzhaikov-naznachen-zamestitelem-predsedatelya-komiteta-po-investiciyam-mir-rk