• Мобильді үстемені жүктеу

«Қазгеология» мен «Қазмырыш» бірлескен кәсіпорын құрды

2018 жылғы 2 мамырда «Қазгеология» АҚ мен «Қазмырыш» ЖШС мақсаты Шығыс Қазақстан облысында (Ивановская, Шекара маңы, Сакмарихинск-Черноубинск және Хамир алаңы) колчедан-полиметал кен орындарын барлауға, сондай-ақ, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Көкшетау алаңында алтын, мыс және полиметалл барлауға арналған жобаларды жүзеге асыру болып табылатын «АлтайГео» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құру бойынша құрылтайшылардың жалпы жиынын өткізді. Учаскелердің жалпы көлемі 3 690 ш.м. құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі: 3,5 млрд теңге. Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру «Қазмырыш» компаниясы есебінен жүргізіледі.

Еске сала кетсек, екі компания арасындағы келіссөздер процесі 2017 жылы басталды және ағымдағы жылдың жаз мезгілінде бірлескен кәсіпорын өз жұмысын бастайды. Бірінші жылы барлауға жұмсалатын шығын сомасы 500 мон теңгеден асады.

Барлық жобалар Риддер, Зырян моноқалаларының әлеуметтік-экономикалық белсенділігін қолдауға ықпал етеді.

Қызмырыш – 500-ден астам түрлі кәсіпті таныстыратын, 20 мыңнан астам азамат еңбек ететін швейцариялық Glencore International концернінің еншілес компаниясы, қазақстандық тау-кен компаниясы болып табылады.

 

 

http://mid.gov.kz/ru/news/kazgeologiya-i-kazcink-sozdali-sovmestnoe-predpriyatie