• Мобильді үстемені жүктеу

Астанадағы «Hard Talk» шарасында ЖЭК саласындағы инвестициялық жобалар талқыланды

Астанадағы «Hard Talk» шарасы барысында «Kazakh Invest» басқарушы директоры Жандос Оразалиев шетелдік капиталдың қатысуы бар жаңартылатын нергия көздері саласындағы жобалар туралы айтып берді.

ҚР Энергетика министрлігі БҰҰ Еуропа Экономикалық Комиссиясы, USAID және KAZENERGY қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған шарада жаңартылатын энергия көздері саласында ел әлеуетін жүзеге асыру әдістері, сондай-ақ, жаңартылатын энергетика аукциондарының тұрақты жүйесін құру талқыланды.

«Kazakh Invest» басқарушы директоры инвестициялық қызметті қолдау бойынша мемлекеттік шаралар туралы, соның ішінде, инвестициялық жобалар үшін қабылданған артықшылықтар туралы әңгімелеп берді. Ж.Оразалиевтің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын ЖЭК саласындағы 18 инвестициялық жоба «Kazakh Invest» қолдауымен жүзеге асырылатын жобалар тізіміне кіреді.

«Hard Talk» семинары аясында «Kazakh Invest» тарапынан Shell, Hevel Solar (Ресей), Acwa Power (Сауд Арабиясы), Mapna Group (Иран), Helios Photovoltaics (Малайзия), ENI (Италия), Access Infra Central Asia (U.A.E.), NPCECI (Қытай) секілді компаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

http://invest.gov.kz/ru/news/investproekti_v_oblasti_vie_obsudili_na_hard_talk_v_astane