• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Оңтүстік Корея ИКЖ дамытудағы өзара көмек туралы келісті

ҚР ИДМ Көлік комитеті және Оңтүстік Корея Интеллектуалдық көлік жүйесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Интеллектуалдық көлік жүйелерін (ИКЖ) зерттеу, жоспарлау, сүйемелдеу және дамытуға қатысты мәселелерде тараптар арасындағы ынтымақтастық меморандум мақсаты болып табылады.

Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу, білім беру және сауда ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Меморандум аясында мемлекеттер өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттарын белгіледі.

Осылайша, ИКЖ пайдалану жөнінде ақпарат алмасуды реттеу, бірлескен зерттеу, технологиялық сынақтар жүргізу және тағы басқалары жоспарлануда.

Қазақстанда ИКЖ көлік, инфрақұрылым және көлік пайдаланушыларын біріктіреді. Жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру оның басты мақсаты болып табылады. Жекелеген учаскелердің ақылы болуы, автоматты өлшеу жүйелері секілді ИКЖ құрауыштары елімізде жұмыс істеп тұр. ЖҚЕ бұзуларды анықтау және видео мониторингі жүйесін, жолдардағы климаттық жағдайларды талдау және болжау жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-i-yuzhnaya-koreya-dogovorilis-o-vzaimopomoshchi-v-razvitii-its