• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Қытай инвестицияларды тарту және өзара қорғау туралы келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізді

Пекинде «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында инвестицияларды тарту және өзара қорғау  туралы келісім» жобасын талқылау жөнінде келіссөздердің бесінші раунды болып өтті.

Келіссөздер барысында тараптар ұлттық мүдделерді ескере отырып, жеке нормалар бойынша тұжырымдамалық келісімге қол жеткізді, Келісім жобасының нақты мәтінін талқылау басталды.

Қол жеткізген нәтижелер елдер арасында сапалы халықаралық құқықтық база құру жолында бірлескен жұмыстың бастамасы және екі елдің бизнесі үшін өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін негіз болып табылады.

Анықтама ретінде:

• Екі елдің экономикалық қарым-қатынасы 1991 жылы өз тарихын ашты.

• 1992 жылғы 10 тамызда ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында инвестицияларды тарту және өзара қорғау  туралы келісімге қол қойылды.

• 2005 жыл – 2017 жылдың 9 айы аралығы кезеңінде:

✓ - ҚХР-нан Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 15 млрд. АҚШ долл. артық соманы құрады.

✓ - Қазақстаннан ҚХР-ның экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 500,4 млн. АҚШ долл. құрады.

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-i-kitay-proveli-peregovory-po-proektu-soglasheniya-o-pooshchrenii-i-vzaimnoy