• Мобильді үстемені жүктеу

МҚІСЖҚ ІҚА, СІМ ЖӘНЕ ҚР ИДМ инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат: инвестициялық омбудсмен институты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет механизмдері» тақырыбына халықаралық бизнес-форум болып өтті.

Форум жұмысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Касымбек, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, Қазақстан Республикасының Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, шетелдік және қазақстандық бизнес топтарының, халықаралық қаржы институттарының  өкілдері мен қоғам өкілдері қатысты.

Форумда инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, инвесторлардың құқықтарын қорғау, Инвестициялық омбудсменнің жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, бизнеске жұмсалған шығындарды азайту және өзге де мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, бизнес-форум барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында Өзара іс-қимыл меморандумына қол қойылды. Меморандум аясында «ProtectingInvestments» арнайы Жобалық офис құру, инвестициялық қызмет субъектілерін тексеру кезінде заңнаманы сақтау және мемлекеттік органдар тарапынан заңнама нормаларын бұзушылықты болдырмау, жедел ақпарат алмасу, тұрақты түрде ортақ кездесулер өткізу қаралды.

2017 жылы Инвестициялық омбудсменнің мекен-жайына 43-тен артық өтініш келіп түсті, олардың ішінде 11 өтініш  бойынша инвесторлардың құқықтарды сақтау және қорғауды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылданды (мәселе инвесторлардың пайдасына шешілді), 18 өтініш бойынша оларды шешу жөнінде ұсыныстар шығарылды (түсініктемелер беріліп, жиындар өткізілді), 14 өтініш инвестициялық омбудсменнің құзіретіне жатпайды (шаруашылық жүргізу субъектілері арасындағы мәселе, сот даулары және т.б.).

Инвесторлар көбінесе салық, кеден және еңбек заңнамалары, сондай-ақ лицензиялау және жер қатынастары саласында қиындықтамен кездеседі.

http://mid.gov.kz/ru/news/adgspk-mid-i-mir-rk-podpisali-memorandum-o-sotrudnichestve-po-zashchite-prav-investorov