• Мобильді үстемені жүктеу

2018 жылы инвестиция сомасы 6,5 млрд. АҚШ долларынан артық 300 жобаны пайдалануға енгізу жоспарлануда

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айлары ішінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда  1,2 трлн. теңгені (699,7 млрд. тг) құрай отырып, 54,4%-ға (+487,7 млрд. тг.) артты. Бұл туралы брифингте сөйлеген сөзінде ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі вице-министр Арыстан Кабикенов айтып өтті.

«Өнеркәсіпте негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 84,8%-ға артқаны байқалады (850,9 млрд. тг құрай отырып, +432 млрд.тг.), сонымен қатар өсімі 94,5%-ға (589 млрд. теңге құрай отырып, +313,5 млрд. теңге,) артқан кен өндіру өнеркәсібімен қатар, , 72%-ға өңдеуге  (221,4млрд. теңге құрай отырып, +104,3 млрд. теңге) және 159,8%-ға құрылысқа (11,4млрд. теңге құрай отырып, +7,2млрд. теңге) инвестиция көлемі артты. Көрсетілген жыл ішінде сыртқы инвестициялар 160,3 млрд. теңгеге артып, 361,5 млрд. теңгені құрады», - деп мәлімдеді Арыстан Кабикенов.

ЖІӨ-нің жоспарланған өсімін қамтамасыз ету бойынша басты мақсатқа қол жеткізу үшін (2018 жылы – 4+%)  2025 жылға дейін нысаналы көрсеткіштері белгіленді. 2018 жылы негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялардың қажетті республикалық өсу қарқыны 5,1%-ды құрады. Алға қойылған мақсаттарды іске асыруда инвестициялар тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша жұмыстар жандандырылды.

«Бүгінгі күні министрлік «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ бірлесе отырып, жобаларды іске асырудың тиісті жолдары дайындады, 2018-2020 жылдарға арналған 658 инвестициялық жобалардың базалық тізбесі (59,2 млрд. АҚШ доллары) жасалды. Аталған тізбеге шетелдік жобалардың қатысуымен   (43,8 млрд. АҚШ доллары) және отандық (қазақстандық) жобалардың қатысуымен (15,4 млрд. АҚШ доллары) 140 жоба тізбеге енді. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы 6,5 млрд. АҚШ долларынан артық инвестиция сомасымен 298 жобаны пайдалануға енгізу, шамамен жалпы сомасы 11 млрд. долл. АҚШ долларын құрайтын 199 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) бастау жоспарлануда», - деп мәлімдеді вице-министр.

Елімізде инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүйелі шаралар аяында жан-жақты жоспар әзірленді. Визасыз режим бойынша Қазақстанға азаматтары визасыз келетін мемлекеттердің тізімі 61 елге дейін кеңейтілді, 2018 жылдың аяғына дейін Астана және Алматы әуежайлары арқылы ұшып келетін Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілді. Қазіргі таңда Индия азаматтары үшін осындай визасыз режимді жүзеге асыру мәселесі қаралуда.

«Инвестицияларды  ынталандыру және өзара қорғау туралы халықаралық келісім жасау бойынша жұмыс жақсартылды. Елбасының БАӘ-не сапарының қорытындылары бойынша ҚР Үкіметі мен БАӘ арасында инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау жөнінде келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта 20 елмен келісім жобалары қаралуда.

Ағымдағы жылы инвестициялық ахуалды бұдан әрі жақсарту бойынша заңнамалық бастамалар пакеті дайындалатын болады.

 

http://mid.gov.kz/ru/news/v-2018-godu-planiruetsya-vvesti-v-ekspluataciyu-okolo-300-proektov-s-summoy-investiciy-svyshe