• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Ұлыбритания өзара ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіріп отыр

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі Вице-министрі Арыстан Кабикенов Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен араб Әмірлігінің елшісі Майкл Гиффордпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда және инвестиция, транзиттік-көлік әлеуеті, жер қойнауын пайдалану және тау-кен металлургия саласында ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Арыстан Кабикенов Ұлыбритания стратегиялық серіктестердің бірі және Қазақстанның ірі инвесторы болып табылатындығын айтып өтті. Сондай-ақ, экспортты бірге алға жылжытуда оң динамиканың байқалғанын атап айтты және сауда-экономикалық байланыстарды ары қарай нығайтуға, екі жаққа бірдей маңызы бар салаларда өзара ынтымақтастық салаларын кеңейтуге ниет білдірді.

Елші Майкл Гиффорд екіжақты және көпжақты іс-шаралар, соның ішінде қазақстандық, британдық және қытай өкілдерінің қатысуымен «Бір аймақ – Бір жол» бастамасы бойынша іс-шара өткізу арқылы қарым-қатынасты тереңдету маңызын айтып өтті.

Тараптар ММБ, жаңа технологиялар, көлік және өнеркәсіп тәрізді салаларда бірлескен жабаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады және ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар өткізуге өзара қызығушылық білдірді.

2017 жылы Қазақстан мен Ұыбритания арасындағы сыртқы сауда айналымы 1,286 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылдың көрсеткішінен 1,9%-ға артық (1,262 млрд. АҚШ доллары).

2017 жыл ішінде Қазақстаннан Ұлыбританияға экспорт 4,2%-ға өсті және 926,8 млн. АҚШ долларын құрады (2016 жыл – 889,4 млн. АҚШ доллары).

http://mid.gov.kz/ru/news/kazahstan-i-velikobritaniya-namereny-razvivat-vzaimnoe-sotrudnichestvo