• Мобильді үстемені жүктеу

Өңдеу өнеркәсібіне бөлінген инвестициялар іс жүзінде екі есеге артты – «KAZAKHINVEST» төрағасының орынбасары

Бүгін Астанада «ЖасОтанның» IV-ші Съезінде «KazakhInvest» Басқармасының төраға орынбасары Рустам Исатаев өңдеу секторына инвестицияларды тарту қарқыны туралы айтып өтті.

«Қазақстанға тартылған инвестициялардың шамамен 70%-ы кен өндіру секторына бағытталған. Индустрияландыру процесінің арқасында 2006 жылдан бастап өңдеу секторына инвестициялар үлесін 2 есеге арттыруға мүмкіндік туды. Егер цифрлармен айтатын болсақ, бұл көрсеткіш 7% болған, ал қазір өңдеу секторына шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 15%-ға жуығы бағытталған. Яғни, нәтиже бар», - деп мәлімдеді Рустам Исатаев, «Қазақстанда жасалған» секциялық отырысында сөйлеген сөзінде. 

Сонымен, егер 2005 – 2010 жылдар аралығында шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 6 млрд. АҚШ долларын құраған болса, Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың 7 жылдық қорытындылары бойынша 2010 – 2016 жылдар аралығында шамамен  25 млрд. АҚШ доллары тартылды.

Рустам Исатаев «KazakhInvest» инвесторлардың мәселелерін жедел түрде шешіп жатқандығын айтып өтті.

«KazakhInvest» Ұлттық компаниясы» жоғары мәртебеге ие, ең алдымен көбінесе өңдеу секторында, IT-технологияларында, туризм секторында және т.б. әрбір инвесторға іс жүзінде жеке көмек көрсетіледі. Яғни, әрбір жобаны жеке түрде аяғына дейін жеткізу және инвесторлардың проблемаларын барлық деңгейде шешу», - деп мәлімдеді спикер.

«KazakhInvest» Директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылатын Премьер-Министр деңгейінде іс жүзінде апта сайын жер бөлуден бастап, виза беру және т.б. жөнінде ірі жобалар тыңдалады және барлық шұғыл мәселелер шешіледі. Яғни, осы жылдар ішінде біз екі есеге артық прогреске қол жеткіздік, дегенмен біз осы қарқынды бұдан әрі ұлғайтуға тырысамыз»,-деп қорытындылады «KazakhInvest» Басқарма Төрағасының орынбасары. 

http://invest.gov.kz/ru/news/prakticheski_v_dva_raza_uvelichilis_investitsii_v_obrabativaushchuu_promishlennost__zampred_kazakh_invest