• Мобильді үстемені жүктеу

ҚР мен БАӘ үкіметтері арасында мадақтау және инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды

ҚР Елбасының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен БАӘ Мемлекеттік қаржы министрі Обейд бен Хумейд аль-Тайер ҚР және БАӘ арасында мадақтау және инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімге қол қойды.

Бұл тарихи маңызды оқиға ірі бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жақсы негіз қалауға мүмкіндік бермек.

Келісімде жеке келісім аясында экспроприация мен мемлекеттендіруден бастап  әрбір инвестициялық жобалар үшін қосымша кепілдік ұсыну туралы инвестицияларға арналған бұған дейін болып көрмеген нормалар көрсетілген.

Осы Келісімді енді іске асыру үшін эмираттық MubadalaInvestmentCompany (Borealis) компаниясымен бірлесе отырып, полиэтилен өндірісі бойынша ірі мұнай-химиялық кешеннің құрылысы бойынша (Атырау облысында) жоба дайындалуда.

Осы Келісімді жүзеге асыру қазақстандық және эмираттық инвесторларға олардың инвестицияларын ұзақ мерзімге сақтауға, екі елдің арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендіруге қолайлы жағдайлар туғызатын болады.

http://invest.gov.kz/ru/news/mezhdu_pravitelstvami_rk_i_oae_bilo_podpisano_soglashenie_o_pooshchrenii_i_vzaimnoi_zashchite_investitsii